Еліміздің бірқатар аймағында аяз күшейді
Елдің бірқатар аймағында аяз күшейді. Синоптиктердің мәліметінше, кей өңірлерде ауа температурасы -41 градсуқа дейін төмендеуі мүмкін. Қатты аязға байланысты Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Қарағанды облыстарында балалар қашықтықтан білім алып жатыр.
Эльмира Кәленова, тілші:
Дәл қазір – 29 градус суық. Солтүстік өңірлерде түгелдей мектеп оқушыларға онлайн оқу форматына көшірілді. Төтенше жағдай қызметінің мәліметінше, аяз күшейгенімен, республикалық маңызды күре жолдар ашық. Жолда қалып үсік шалғандар жоқ деп хабарлады. Кей өңірлерде ауыр жүк көліктерінің қозғалысы шектелді. Өткен түнде Самара-Шымкент бағытындағы трассада жолда қалып қойған шет ел азаматтары құтқарылды. Синоптиктердің болжамынша елдің басым бөлігінде тұман түсуі ықтимал. Дауылды ескерту жарияланды. Мамандар ауа райының қолайсыздығына байланысты тұрғындарға алыс жолға шықпауға кеңес береді. Ал ертең де аяз сақталады, тек келесі аптадан бастап күн жылына бастайды.
Автор
Эльмира Кәленова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Болашақ ойындары-2026»: Қатысушылардың алды Елордаға келді
25.07.2026, 20:07
Мүмкіндігі шектеулі балаларға көрсетілетін көмектің аясы кеңейіп келеді
25.07.2026, 20:06
Жұқпалы аурулардың 21 түріне қарсы вакцина егіледі
25.07.2026, 20:05
Маңғыстаудың жартасты мешіттері ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілді
25.07.2026, 20:05
Халық пікірі: Ата Заң – әділетті қоғам негізі
25.07.2026, 20:05
Саяси дода қыза түсті
25.07.2026, 20:04
Қазақстан мен Ресейдің көлік-логистикалық ынтымақтастығы стратегиялық сипатқа ие
25.07.2026, 20:04
Қазақстан – Ресей өңіраралық форумы
25.07.2026, 20:03