Щучинсктегі жарылысқа қатысты қылмыстық іс қозғалды
Ақмола облысының Щучинск қаласындағы дәмханадағы жарылыс бойынша қылмыстық іс қозғалды. Арнайы штаб құрылды, оқиғаның мән жайы анықталып жатыр. Жарылыс кезінде 7 адам қаза тапты. Арасында 15 жасар жасөсіпірім бар. Ал зардап шеккендердің ахуалы туралы әріптесім Бибінұр Әмірханқызынан білейік.
Бибінұр Әмірханқызы, тілші:
Қазір біз Щучинсктегі аудандық аурухананың жанында тұрмыз. Мұнда жарылыс кезінде зардап шеккен 7 адам жатыр. Тағы 8-і Көкшетаудағы облыстық көпбейінді ауруханаға жеткізілді. Менің жанымда облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Ермекұлы тұр.
Нариман Ермек, облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы:
Бибінұр Әмірханқызы, тілші:
Ал қайтыс болған 7 адамның барлығы дәмхана қызметкерлері. Нақтыланған ақпарат: олардың ішінде кәмелет жасқа толмаған 15 жастағы қыз бала болған. Ол түнде Щучинсктегі жансақтау бөлімінде көз жұмды. Қазір төтенше жағдай бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу амалдары жүріп жатыр. Жалпы, өртке оранған жердің аумағы. Іштен өрт сөндірушілер 7 баллон алып шыққан. Әрқайсысы 50 литр болатын 5 газ және 2 оттегі баллоны шығарылды. Құтқарушылар бұл баллондарды шығарып үлгермегенде жарылыс бұдан қуатты болатын еді. Ақмола облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің жанынан жедел желі ашылды. Біз алдағы хабарымызда тарқатып айтамыз.
Автор
Бибінұр Әмірханқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Еңбекшіқазақ ауданында құны шамамен 21 млрд теңге болатын астық кешені салынуда
15.09.2026, 18:28
Енді еліміздің диқандары астықты Қытайға делдалсыз сата алады
15.09.2026, 17:37
Созақтағы аурухананы толық жөндеп жатыр
15.09.2026, 17:35
Павлодар облысының алыс ауылдарының жолдарын жөндей бастады
15.09.2026, 17:33
Ел жаңалықтарына шолу
15.09.2026, 17:32
Маңғыстаулық жастар Германияда тәжірибеден өтеді
15.09.2026, 17:30
Конгода екі мектеп өртеніп, оқушылар қаза тапты
15.09.2026, 17:29
Қытай өз азаматтарына елге кіріп-шығуды қатаңдатты
15.09.2026, 17:28