52 мыңнан аса мемқызметкер ЖИ меңгерді
52 мыңнан аса мемлекеттік қызметкер жасанды интеллект
бағдарламасын оқып шықты. Бұл былтырғы көрсеткіш. Ал биыл тағы 30 мыңға жуық
қызметші ақылды технологияның қыр-сырын меңгермек. Бұл жөнінде Мемлекеттік
қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбай мәлім етті. Бүгін аталған
агенттік 2025 жылы атқарылған жұмысты
қорытындылады. Алқа отырысында мәлім болғандай, Президенттік жастар кадр
резервіне қызығушылық артып келеді. Мәселен, жобаға 2019 жылы 13 мың азамат
қатысуға ниет білдірсе, 2025 жылы бұл көрсеткіш 32 мыңға жетті. Жалпы, резервке
алынған 450 азаматтың 337-сі бүгінде түрлі салаларда еңбек етіп жүр. Жиын соңында Агенттік төрағасы кадрлық
іріктеу жүйесі жаңғыртылғанын, цифрлық экожүйе құрылғанын, жасанды интеллект
енгізілгенін және проактивті бақылау моделі қалыптасқанын атап өтті. Алдағы
кезеңде мемлекеттік қызметтің тиімді, ашық және нәтижеге бағдарланған моделін
одан әрі дамыту жұмыстары жалғасады.
Дархан Жазықбай,
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы:
Сонымен қоса біз қазіргі таңда GPA көрсеткіші жақсы мемлекеттік грантпен оқыған студенттерді ауылдық, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларға тікелей орналасу жұмыстарын жүргізген болатынбыз. Қазіргі таңда 735-тен аса осы грантпен оқыған студенттеріміз ауылдық, аудандық жерлерге барып, жұмыстарын атқарып жатыр.
Автор
Самал Қабышева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Халықаралық цирк фестивалінің жеңімпаздары анықталды
27.07.2026, 17:09
Халық қаһарманы Тоқтар Әубәкіров 80 жасқа келді
27.07.2026, 17:08
Ғылымды дамытуға арналған кешенді жоспар жобасы таныстырылды
27.07.2026, 17:05
Ел жаңалықтарына шолу
27.07.2026, 17:04
Жарқайың ауданында ауыл шаруашылық өнімінің көлемі 50 млрд теңгеден асты
27.07.2026, 17:02
Токиодан бөлек, тағы бір астана құрылмақ
27.07.2026, 17:01
Президентке Ұлытау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндалды
27.07.2026, 17:01
Нью-Йорктегі өрттен 21 адам зардап шекті
27.07.2026, 17:00