Шиелі ауруханасына МРТ қондырғысы орнатылды
Қызылорда облысы Шиелі ауданындағы аурухана жанынан салынған корпус заман талабына сай жабдықталып, алғаш рет МРТ қондырғысы орнатылды.
«Ауыл медицинасын жаңғырту» ұлттық жоба аясында жаңадан инсульттік бөлімше ашылды. Яғни көпбейінді ауруханада жүрек-қан тамырлары ауруымен түскен науқастарды қабылдайтын төсек-орын саны ұлғайды. Сондай-ақ құны 650 миллион теңге тұратын магниттік-резонанстық томограф қондырғысы алынып, аудан медицинасындағы ең маңызды мәселе шешімін тапты.
Қаршыға Жұманазарұлы, Шиелі тұрғыны:
Бұған дейін мұндай аппарат бізде болған жоқ. Ол үшін Қызылорда қаласына барып, кезекке тұрып біраз шығын болатын. Енді өз жерімізде осындай аппаратқа түсу біраз жұмысты жеңілдетті.
Автор
Әділбек Серікұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Еңбекшіқазақ ауданында құны шамамен 21 млрд теңге болатын астық кешені салынуда
15.09.2026, 18:28
Енді еліміздің диқандары астықты Қытайға делдалсыз сата алады
15.09.2026, 17:37
Созақтағы аурухананы толық жөндеп жатыр
15.09.2026, 17:35
Павлодар облысының алыс ауылдарының жолдарын жөндей бастады
15.09.2026, 17:33
Ел жаңалықтарына шолу
15.09.2026, 17:32
Маңғыстаулық жастар Германияда тәжірибеден өтеді
15.09.2026, 17:30
Конгода екі мектеп өртеніп, оқушылар қаза тапты
15.09.2026, 17:29
Қытай өз азаматтарына елге кіріп-шығуды қатаңдатты
15.09.2026, 17:28