Өзбекстанда АЭС кешігіп салынады
Өзбекстанда салынатын шағын атом электр станциясы құрылысының басталу мерзімі желтоқсанға ауысты. Мұның алдында нысанның алғашқы кірпіші наурызда қаланады деп жоспарланған еді. Жыл соңына дейін тиісті келісім-шарттар пысықталмақ. Жызақ облысындағы АЭС қалашығында жұмысшылар жатақханасы, жаңа үйлер мен әлеуметтік нысандар бой көтеріп келеді. Узатомның хабарлауынша, өндірістік технология халықаралық стандартқа сай жүзеге асады. Венгрия мен Қытайдың қондырғыларын орнату бойынша келісім жасалған. Алғашқы реактор 2029 жылдың соңында іске қосылмақ. Ал шағын АЭС 2035 жылдан бастап толық қуатында жұмыс істейді деген жоспар бар.
Абдужамил Халмурадов, «Узатом» компаниясы АЭС құрылысы дирекциясының басшысы:
Тиісті жобалық құжаттамаларға сай қауіпсіздік талаптары қатаң сақталады. Барлық мәселені назарда ұстаймыз. Материалдың сапасы жіті тексеріледі, қандай да бір күмән болса, құрылыс алаңына жіберілмейді. Бұл тұрғыда халықаралық сарапшылар да көмегін ұсынуға әзір.
Автор
Базаркүл Отыншиева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алтай қаласында полицейлер баланы өрттен алып шыққан
15.09.2026, 17:20
Баянауыл өртеніп жатыр
15.09.2026, 17:17
Алаяқтар ҚМА атынан жалған ақпарлар таратқан
15.09.2026, 17:15
Созақ ауданында жүзден аса отбасы баспаналы болды
15.09.2026, 17:12
Тұрғын үйге мұқтаж азаматтарға 2-5% жеңілдетілген ипотека беріледі
15.09.2026, 17:10
Премьер-министр цифрлық теңгенің қолдану аясын кеңейтуді тапсырды
15.09.2026, 17:07
Президент кореялық инвесторларды жаңа өндіріс орындарын ашуға шақырды
15.09.2026, 17:05
Қазақстан мен Корея бірлескен жобаларды іске асырады
15.09.2026, 17:02