«Самұрық-Қазына» қоры қызметкерлерінің 10 пайызын қысқартады
«Самұрық-Қазына» компаниясы қызметкерлерінің 10 пайызын қысқартады. Бұл туралы қордың басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов айтты. Жұмыстан әкімшілік-басқару блогындағы қызметкерлер шығарылады деді. Ал өндірістегі жұмысшыларға мұның қатысы жоқ. Қазір орталық офистерде 6 жарым мың маман бар. Демек, қызметтен шамамен 650 адам босатылуы мүмкін. Компания наурыз айының соңына дейін қызметкерлерді бағалау жүйесін негізге ала отырып нақты шешім шығармақ. Еске салсақ, Президент Үкіметтің кеңейтілген отырысында ұлттық компаниялардағы басқару жүйесін сынға алды. Квазимемлекеттік секторда артық штаттардың көбейгенін айтып, кадрлық саясатты қайта қарауды жүктеген еді.
Нұрлан Жақыпов, «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы:
Компанияда қызметкелерді бағалауға арналған арнайы жүйе бар. Шешім шығармас бұрын жан-жақты зерделейміз. Бәрі әрине, Еңбек кодексінің шеңберінде орындалады.
Автор
Жанел Нұрболатқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17