Референдум қарсаңында Астанада Taldau Run дәстүрлі спорттық іс-шара өтті
Референдум қарсаңында Астанада Taldau Run дәстүрлі спорттық іс-шара өтті. Жүгіруге 400-ден астам белсенді азамат қатысты. Олардың арасында Парламент депутаттары, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың, талдау құрылымдарының өкілдері бар.
Сенат Төрағасы алда өтетін референдумның маңызына тоқталды. Азаматтардың қоғамдық-саяси өмірге қатысу құқықтарын кеңейту жөніндегі реформалардың нақты нәтижесі екені сөз болды.
Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:
Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жарлығымен 15 наурызда жаңа Конституция жобасына байланысты республикалық референдум өтеді. Осы орайда басты нәрсеге назар аударуымыз керек. Яғни, түпкілікті сөзді халық айтады. Сондықтан әркім өз ұстанымын білдіріп, еліміздің болашағын айқындайтын референдумға қатысу ерекше мәнге ие. Бүгін осылай белсенді, сыни ойлай алатын, ел ертеңіне бей-жай қарамайтын ортада жаңа Конституция туралы айтуымыздың символикалық мағынасы терең деп есептеймін. Сіздердің әрқайсыңыз айналаңызды жасампаздыққа шақырып, үлгі көрсетіп келесіздер. Мұны алдағы жаңаруларға ықпал ететін ынталандырудың озық үлгісі деп қабылдаймыз.
Ақнұр Тұрдалиева, «Жас ұлан» республикалық қоғамдық ұйымының жетекшісі:
Мен үшін жаңа Конституцияның қабылдануы жай ғана құқықтық мәселе емес. Бұл біздің қоғамдағы маңызды құндылықтарды насихаттау болып табылады. «Жас ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының төрайымы ретінде мен үшін волонтерліктің Конституцияда көрсетілуі қатты қуантты.
Автор
Жанел Нұрболатқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Болашақ ойындары-2026»: Қатысушылардың алды Елордаға келді
25.07.2026, 20:07
Мүмкіндігі шектеулі балаларға көрсетілетін көмектің аясы кеңейіп келеді
25.07.2026, 20:06
Жұқпалы аурулардың 21 түріне қарсы вакцина егіледі
25.07.2026, 20:05
Маңғыстаудың жартасты мешіттері ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілді
25.07.2026, 20:05
Халық пікірі: Ата Заң – әділетті қоғам негізі
25.07.2026, 20:05
Саяси дода қыза түсті
25.07.2026, 20:04
Қазақстан мен Ресейдің көлік-логистикалық ынтымақтастығы стратегиялық сипатқа ие
25.07.2026, 20:04
Қазақстан – Ресей өңіраралық форумы
25.07.2026, 20:03