Қостанай облысында адасқан балықшыны ажалдан арашалап қалды
Қостанай облысының Ұзынкөл ауданында ауыл полициясы балық аулауға шығып, адасып кеткен 75 жастағы қарияны құтқарып қалды.
Жолдан жаңылған қарт кісі 7 сағаттан артық қақаған аязда ай далада жалғыз қалған. Хабарсыз кеткен әкесіне алаңдаған қызы дереу учаскелік полицияға қоңырау шалады. Инспектор қара суықта 3 сағат дала кезіп, қамыс арасынан ес-түссіз жатқан ауыл тұрғынын тауып алады. Қарт балықшы аудан орталығындағы ауруханаға ауыр хәдде жеткізіледі. Балықшының туғандары полиция қызметкері Арман Райымбеков әкемізге екінші өмір сыйлады дейді.
Маргарита Хаврева, Ұзынкөл ауданының тұрғыны:
Әкемді құтқарып қалған инспекторға рақмет. Іздеуге көмектескен ауыл тұрғындарына да разымын. Дер кезінде ем көрсеткен дәрігерлерге де мың алғыс! Қазір әкем жанымда, дін аман!
Автор
Мәдина Нағашыбай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17