Тілсіз жаудан құтқарғандарға алғыс айтты
Соңғы екі жылда Семей қаласының өрт сөндірушілері тілсіз жаудан 36 адамды құтқарып, 190-ға жуық тұрғынды қауіпсіз жерге көшірген.
Алғыс айту күніне орай қала тұрғыны өздерін ажалдан аман алып қалған өрт сөндірушілерге шынайы ризашылығын білдірді.
Осыдан он шақты күн бұрын қос қабатты тұрғын үйдегі пәтерде өрт тұтанған. Құтқарушылар лаулаған от пен қою түтіннің арасынан тұрғындарды алып шықты. Олардың арасында арбаға таңылған азамат та болған. Мамандар оны отбасымен бірге аман алып шықты.
Мереке күні құтқарушылар сол отбасының шаңырағына арнайы барып. хал-жағдайларын сұрады.
Аманжол Мыңжанов, ТЖБ өрт сөндіру бөлімінің аға инженері:
Ас бөлмесінен жанып жатқан пәтердің 25 литрлық газ баллон алып шығарылды. Өрттің алдын оқшауламағанда осы басқа жағдай болар ма еді-деп ойлаймыз. Өртті өшіру барысында 3 адам құтқарылды. 15 адам эвакуация жасалды.
Майра Әкімбаева, Семей қаласының тұрғыны:
Бізге қарама-қарсы пәтер жанды ғой. Есікті ашқанда жалыны келіп тұрды. Қара түтін үйге кіріп кетті. Құтқарушы балалар, өрт сөндірушілер келіп мына кісіні алып шықты көтеріп. Мені де алып шықты. 1 наурыз- Алғыс айту күні. Алғысымыз шексіз бәріне. Құтқарушыларға, жедел жәрдемге, өрт сөндірушілерге!
Автор
Ержан Жақып
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ертең «SuperStar KZ» жобасының кастингі басталады
03.04.2026, 18:17
Қиыршық тас шығарудың озық технологиясы
03.04.2026, 18:02
Қарағанды облысында 143 шақырым электр желісі қайта жаңартылады
03.04.2026, 17:57
Оралда жаңа көпір құрылысы басталады
03.04.2026, 17:54
Еуропада қайта өңделген ескі киімдерге сұраныс артты
03.04.2026, 17:49
Таяу Шығыстағы соғысқа байланысты Еуропа мен Африкаға көлік экспорты қиындады
03.04.2026, 17:47
Әлем нарығында мұнай айтарлықтай қымбаттады
03.04.2026, 17:45
Жол апатынан 616 адам жарақат алған
03.04.2026, 17:41