Жасыл желектің үлесі артады
Өзбекстан 2030 жылға қарай жасыл желектің үлесін 30 пайызға арттырып, орман алқаптарын 6 миллион гектарға жеткізуді көздеп отыр. Бұл жоба Орталық Азияның өзге де елдері арасында ландшафты тұрақтандыру, ормандарды қалпына келтіру мен трансшекаралық аумақтарда ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған. Қазір көрші елде орман алқаптарының көлемі 4,7 миллион гектарды құрайды. Шөлейттенудің алдын алу мақсатында өткен жылы 250 мың гектар аумаққа жасыл желек отырғызылды. Биоалуандықты сақтау, қуаңшылықтың алдын алу мен жердің деградацияға ұшырауына қарсы күрес біздің алдымыздағы негізгі міндет,- дейді орманшылар.
Ахмад Сагдуллаев, Орман шаруашылығы агенттігінің бөлім басшысы:
Арал теңізінің құрғаған табанын көгалдандыру жұмыстары жалғасады. Шөлейт аймақтарда сексеуіл мен өзге де ағаш көшеттері егіледі. Экологиялық тепе-теңдікті сақтап, климаттық өзгерістердің жағымсыз әсерін болдырмау жолында еңбек етіп келеміз.
Автор
Базаркүл Отыншиева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ертең «SuperStar KZ» жобасының кастингі басталады
03.04.2026, 18:17
Қиыршық тас шығарудың озық технологиясы
03.04.2026, 18:02
Қарағанды облысында 143 шақырым электр желісі қайта жаңартылады
03.04.2026, 17:57
Оралда жаңа көпір құрылысы басталады
03.04.2026, 17:54
Еуропада қайта өңделген ескі киімдерге сұраныс артты
03.04.2026, 17:49
Таяу Шығыстағы соғысқа байланысты Еуропа мен Африкаға көлік экспорты қиындады
03.04.2026, 17:47
Әлем нарығында мұнай айтарлықтай қымбаттады
03.04.2026, 17:45
Жол апатынан 616 адам жарақат алған
03.04.2026, 17:41