Түркістан облысында өңіраралық AI Хакатон сайысы өтті
Түркістанда оқушылар мен студенттердің қатысуымен «Қаржылық қауіпсіздік - цифрландыру және жасанды интеллект дәуірінде» атты өңіраралық AI Хакатон сайысы ұйымдастырылды. Сайысқа 114 команда қатысты. Жастар көлеңкелі экономиканың жолын кесіп, оның алдын алуда 5 бағыт бойынша бақ сынады. Екі кезеңнен тұратын сайысқа Түркістан, Жамбыл, Қызылорда облыстары мен Шымкент қаласынан 400-ге жуық болашақ IT саласының мамандары шақырылды. Айта кетейік, өңіраралық AI Хакатонды «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті ұйымдастырды.
Ернар Тайжан, ҚР Қаржы мониторинг агенттігінің ресми өкілі:
Өз технологияларымыздан бөлек, жастардың ұсынып жатқан жобаларымен танысқымыз келеді. Өйткені технологиялар дамыған заманда ЖИ мүмкіндіктерін қолдана отырып, қаржылық қауіпсіздік мәселелерін реттеу сынды бағытта өздерінің шешімдерін ұсынады. Сондықтан біз үшін бұл өте тың бастама. Біз араларынан үздіктерді анықтап қана қоймай, IT шешімдерді өз жұмысымызда қолдануды жоспарлап отырмын.
Автор
Айнұр Әбілқасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17