Щучинсктегі жарылыстан зардап шеккен 13 науқас жансақтау бөлімінде
Ақмола облысында дәмханадағы жарылыстан зардап шеккен 13 науқастың барлығы жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер олардың жағдайын әлі де ауыр деп бағалап отыр.
Әсіресе Щучинсктегі 4 науқастың жағдайы аса ауыр. Зардап шеккендердің ішінде біреуінің денесін 98, енді бірінің 80 пайызын күйік шалған. Оларды Көкшетауға не Астанаға тасымалдау мүмкін болмаған соң кеше астанадан анестезиолог-реаниматолог пен эфферентолог дәрігерлер шақыртылды. Сондай-ақ гемофильтрация мен өкпені жасанды желдету аппараттары әкелінді. 4 науқастың барлығы осы аппаратқа қосылып, дәрігерлер қолдан келген емдік шараларын жүргізуде.
Нариман Ермек, Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы:
Сондай-ақ Көкшетаудағы облыстық көпбейінді ауруханада жатқан 4 науқастың да жағдайы ауыр. Бірінікі тіпті аса ауыр деп бағаланып отыр. Астанада емделіп жатқан 5 науқастың бірі де ауыр жағдайда, екеуі орташа деңгейде. Кеше облыс орталығындағы бір науқастың да жағдайы орташа ауыр деңгейге ауыстырылды. Астаналық дәрігерлермен консилиумдер өткізіп, науқастардың бетін бері қарату үшін қолдан келген амалдар жасалып жатыр. Қажетті дәрі-дәрмек те жеткілікті.
Автор
Бибінұр Әмірханқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
8 жастағы Райан 84 кітап оқып үлгерген
19.05.2026, 20:58
9 мың бала «Алпамыс батыр» жырын жатқа айтып жарысты
19.05.2026, 20:56
Университет айналасына 500 түп ағаш егілді
19.05.2026, 20:55
Жарты ғасыр жөндеусіз жатқан жол пайдалануға берілді
19.05.2026, 20:12
Алғашқы әуе таксиі таныстырылды
19.05.2026, 20:10
Президенттің шақыруымен Кения Республикасының Президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді
19.05.2026, 20:06
Алтын Орда Еуразия шежіресін жаңа қырынан тануға мүмкіндік береді - сарапшылар
19.05.2026, 20:05
Әлем жаңалықтарына шолу
19.05.2026, 20:05