Түлкібаста 1500 түп көшет екті
Түркістан облысының Түлкібас ауданында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында 1500 түп ағаш көшеті отырғызылды. Игі іс аудан орталығындағы «Жанкент» саябағында ұйымдастырылды. Шараға этномәдени орталықтардың төрағалары мен қоғамдық ұйым мүшелері, Аналар кеңесінің мүшелері мен ардагерлер қатысып, 100 түп емен ағашының көшетін отырғызды. Игі шараға 15 ауылдық округте қосылып, 1500 түп көшет екті. Аталған іс-шара ауылдық жерді абаттандыру мен экологиялық мәдениетті қалыптастыру, табиғатты қорғау және ұлтаралық достықты нығайту мақсатында өткізілді. Жалпы, биыл аудан аумағын көгалдандыру мақсатында 63 мың түп көшет отырғызылмақ.
Жұрат Анаров, Түлкібас аудандық өзбек этно-мәдени бірлестігінің төрағасы:
Барша ұлт этнос өкілдері ақсақалдармен бірлесе келіп, осы паркке міне ағаш ектік. Құдай қаласа осы ағаштарымыз көгеріп, ауданымыздың жастарына пайдасы тиеді деген мақсатымыз бар.
Автор
Айнұр Әбілқасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Еңбекшіқазақ ауданында құны шамамен 21 млрд теңге болатын астық кешені салынуда
15.09.2026, 18:28
Енді еліміздің диқандары астықты Қытайға делдалсыз сата алады
15.09.2026, 17:37
Созақтағы аурухананы толық жөндеп жатыр
15.09.2026, 17:35
Павлодар облысының алыс ауылдарының жолдарын жөндей бастады
15.09.2026, 17:33
Ел жаңалықтарына шолу
15.09.2026, 17:32
Маңғыстаулық жастар Германияда тәжірибеден өтеді
15.09.2026, 17:30
Конгода екі мектеп өртеніп, оқушылар қаза тапты
15.09.2026, 17:29
Қытай өз азаматтарына елге кіріп-шығуды қатаңдатты
15.09.2026, 17:28