«Ана тілі» олимпиадасы жеңімпаздары анықталды
«Ана тілі» республикалық зияткерлік олимпиадасы
мәресіне жетті. Оған еліміздің әр өңірінен 7-11-сынып аралығындағы 2
мыңнан аса оқушы қатысты. Іріктеуден өткен 200-дейі Астанада қорытынды кезеңде
білімдерін сынап, бүгін үздіктері марапатталды. 14 оқушыға еліміздің таңдаулы
жоғары оқу орындарының гранттары табысталды. Білім додасы осымен екінші рет
ұйымдастырылып отыр. Дәстүрлі олимпиадалардан айырмашылығы мұнда оқушылар
топтық жарыста жан-жақты білімдерін көрсетті. Сайыс бірнеше бағытты қамтыды.
Қатысушылар шешендік өнер мен өз ойын еркін жеткізу дағдысын көрсетіп, шығарма
мен мазмұндама жазу арқылы тілдік сауаттылығын дәлелдеді. Ұйымдастырушылар -
жобаның негізгі идеясы қазақ тілінің қолдану аясын технология мен ғылым
саласында кеңейту дейді.
Қуат Қожахметов, «Білім-Инновация» ХҚҚ вице-президенті:
Тағы бір ерекшелігі жаратылыстану бағытындағы сұрақтар болды, қазақ тілі бірақ сұрақтар жаратылыстану бағытында болады. Сол шамалы ерекшелігі бар, яғни балаларды ғылымға, ғылымды қазақ тілінде насихаттау мақсатында.
Ислам Нұрланұлы, Олимпиада қатысушысы /Қызылорда облысы/:
Мұндай Республикалық кезеңге бірінші рет қатысып тұрмын. Бірінші кезең «Білім қазынада» тест тапсырдық, пікір сайысты дебатта айттық, «тілшілердің» өзінде 3 тақырып болады. Эссе, мазмұндама, талдау. Солардың бәрін тапсырдық.
Автор
Айжан Иманғали
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ерлан Қарин: Мемлекеттік сыйлық – тұлғаға емес, туындыға берілетін сыйлық
01.11.2026, 21:24
Халық пікірі: Жолдауда мұғалімдер мәртебесіне ерекше назар аударылды
01.11.2026, 20:00
Мемлекет басшысы келесі жылы «Балқаш» АЭС-інің құрылысын бастауды тапсырды
01.11.2026, 20:00
Еуропа мен Азия арасындағы жүк тасымалы: Қазақстанның мүмкіндігі қандай?
01.11.2026, 20:00
Жолдау: Депутаттар өңірлерді аралап, тұрғындармен кездеседі
01.11.2026, 20:00
Ең төменгі жалақының өсуі 1,8 млн азаматтың табысына әсер етеді
01.11.2026, 20:00
Бюджеттен жалақы алатын 370 мыңнан астам қызметкердің жалақысы өсуі мүмкін
01.11.2026, 20:00
Түркі елдерінің басшылары Анкарада бас қосты: Саммитте қандай мәселелер талқыланды?
01.11.2026, 20:00