Еңбек адамы: Шетелде шыңдалған шеберлер
Маңғыстауда елде теңдесі жоқ, күкіртсутегіне төзімді құбырлар шығаратын зауытта жергілікті жұмысшылар еңбек етеді. Кәсіпорын басшылығы оларды шетелде оқытып, әлемдік деңгейдегі өндірістерде тәжірибеден өткізген. Бүгінде сол бағдарламамен білім алған жұмысшылар өз ісінің білікті маманына айналды. Зауытта жауапты учаскелерде жұмыс істеп, сапалы өнім өндіруге үлес қосып келеді. Нұрмағанбет Сисенбаев зауытта 11 жылдан бері жұмыс істейді. Ол кәсіпорын жолдамасымен Румынияда оқып, өндірістік тәжірибеден өткен. Шетелде алған білімін бүгінде жергілікті өндірісте тиімді қолданып жүр. Ол дайын құбырлардың сапасын тексереді. Өндіріс толық автоматтандырылғанымен, әр өнім маманның қырағы бақылауынан өтеді.
Нұрмағанбет Сисенбаев, зауыт операторы:
Құбырды толықтай тексереміз, барлық параметрлерін. Иненің тесігіндей тесік болмауы керек бәрін қарап отырамыз. Румынияда болдық. Осындай премиум зауытта үлкен сол жақтан тәжірибе алдық десем болады. Екі жарым айдай. Өз көзімізбен көріп, үйреніп келдік. Сол үйренгенімізді өз Қазақстанымызда атсалысып жатырмыз.
Бұл зауыттың электр жабдықтау бөлмесі. Барлық тоқ жүйелерінің барлығы осы
бөлмеде ең жоғарғы деңгейден бастап, төменгі деңгейлерге тоқтар жүреді.
Есен Қожамбетов болса зауыттың электрмен жабдықтау жүйесіне жауапты маман. Ол
өндірістегі барлық құрылғының тоқпен үздіксіз қамтылуын бақылап, апатты
жағдайлардың алдын алады. Шетелде тәжірибеден өтіп, заманауи электр жүйелерін
басқару бойынша білімін жетілдірген.
Есен Қожамбетов, электрик:
2015 жылы оқытты және практикаға Румынияға жіберді. Румынияда біз бұдан да үлкен, ауқымды литейный зауытта болдық. Көптеген білім алдық, білімдері сапалы және терең. Содан бері 10 жылдан астам уақытта мол тәжірибе жинап, өзімнің отбасымды асырап отырмын және әлеуметтік жағдайым шүкір жақсы. Бірінші қауіпсіздік үшін жағдай жасайды және мекеме өзінің әр бір жұмысшысына тыңдап біледі, естіп біледі.
Ақтау қаласы аумағында орналасқан зауыт мұнай-газ саласы үшін күкіртсутегіне
төзімді құбырлар шығарады. Жылына 7-8
мың тонна өнім өндіреді.
Андрей Пилипенков, зауыт басшысы:
Алғашқы кезде зауытта шетелден келген мамандар жұмыс істеді. Кейін біз техникалық қызметке, бүкіл өндіріске, сапа және қауіпсіздікке жауапты мамандарға шетелде оқып, тәжірибе жинауға мүмкіндік жасадық. Жарты жылға дейін оқығандар болды. Өндіріс қанша жерден автоматтандырылғанмен осы мамандар бақылап отырады.
Кәсіпорында 30 дан астам адам жұмыс істейді. Барлығы да жергілікті мамандар. Еңбекақылары тұрақты, ұжым ұйымшыл.
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қиыршық тас шығарудың озық технологиясы
03.04.2026, 18:02
Қарағанды облысында 143 шақырым электр желісі қайта жаңартылады
03.04.2026, 17:57
Оралда жаңа көпір құрылысы басталады
03.04.2026, 17:54
Еуропада қайта өңделген ескі киімдерге сұраныс артты
03.04.2026, 17:49
Таяу Шығыстағы соғысқа байланысты Еуропа мен Африкаға көлік экспорты қиындады
03.04.2026, 17:47
Әлем нарығында мұнай айтарлықтай қымбаттады
03.04.2026, 17:45
Жол апатынан 616 адам жарақат алған
03.04.2026, 17:41
Медицина қызметкерлерінің атынан алаяқтық қоңыраулар жиіледі
03.04.2026, 17:40