Денсаулық сақтау министрі үндеу жасады
Елде қызылшаға байланысты жағдай әлі тұрақталған жоқ. Тек Астанада 81 адам қызылша жұқтырған. Алматы қаласында 48, Атырау, Алматы, Қостанай облыстарында 57 жағдайдан, Батыс Қазақстанда 29 адамнан қызылша анықталған. Осыған байланысты Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова ата-аналарға үндеу жасады. Ведомство басшысының айтуынша, балалардың қауіпсіздігі үшін иммундау шараларын күшейте түсу керек. Қазір барлық өңірлерде 6-10 ай аралығындағы сәбилерге вакцина салынып жатыр. Бұрын вакцина алмаған 2 мен 5 және 7-18 жас аралығындағы балалар да екпе алады.
Ақмарал Әлназарова, Денсаулық сақтау министрі:
Қызылша жай ғана балалар инфекциясы емес. Бұл ауру өкпенің қабынуына, яғни пневмонияға, отитке, орталық жүйке жүйесінің зақымдануына әкелуі мүмкін. Ал сирек жағдайларда өлім қаупі де бар. Әсіресе ерте жастағы балалар өте осал келеді. Қазіргі таңда қорғанудың ғылыми тұрғыдан дәлелденген, жалғыз сенімді жолы – вакцинация.
Автор
Жанел Өтеулі
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17