Талдықорғанда 20 минутта 4 мың құрт әзірленді
Талдықорғанда түрлі ұлт өкілдері 20 минутта 4 мыңнан аса құрт әзірлеп, ел рекордын орнатты. Ұлттық асты дайындауға 30-ға жуық адам ат салысқан. Акция «Алғыс айту» күніне ұйымдастырылды. Дайын өнім қала тұрғындарына үлестірілмек. Қазақстанның КИнЭС рекордтар кітабының өкілі елімізде бұрын-соңды мұндай рекорд тіркелмегенін айтады. Ал ұйымдастырушылардың сөзінше игі бастама қоғамда өзара құрметті насихаттап, этносаралық келісімді дәріптеуге бағытталған.
Любовь Кошелева, «Туған ел» облыстық татар мәдени орталғының мүшесі:
Бізге мына ыдыста сүзбелерді үлестіріп берді. Белгіленген уақытта үлгергенімізше құрт иледік. Білім ордамыздан оқушыларымызды да алып келдік. Оларға ұлттық астың жасалу жолын үйретіп жатырмыз. Бұл шара ұлттар достығын нығайтып, өзара құрмет пен бірлікті арттыруға ықпал етеді.
Автор
Нұрдаулет Сыздық
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астана 2028 жылы УЕФА суперкубогін қабылдайды
15.09.2026, 20:28
Үстел теннисінен Президент кубогі басталды
15.09.2026, 20:27
Тау туризмі - Алматы экономикасының жаңа драйвері
15.09.2026, 20:18
Цифрлық активтер нарығын дамытудың 6 бағыты ұсынылды
15.09.2026, 20:09
Сарапшы: Кореямен ынтымақтастық цифрлық инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді
15.09.2026, 20:05
Қазақстан мен Корея президенттері келіссөз жүргізді
15.09.2026, 20:05
Зейнетақы жинағын игеру жолдары
15.09.2026, 20:04
Қазақстан мен Корея $19 млрд-қа келісім жасады
15.09.2026, 20:02