Алматыда бүлдіршіндерге жәбір көрсеткендерге қылмыстық іс қозғалды
Алматыда «Феникс» арнайы орталығына қатысты дау шықты. Ата-аналар орталық қызметкерлері ерекше балаларды үнемі ұрып-соғады, - деп полицияға арыз түсірген. Бейнебақылау камерасына түсіп қалған мына видеода маманның баланы қинап, «екі бүктеп» күш көрсетіп жатқанын көруге болады. Бұдан басқа бүлдіршіндердің басынан ұрып, аяғынан шалып, әбден қорлық көрсеткен, - деп отыр жақындары. Бұл жайтқа қатысты қалалық полиция департаменті қылмыстық іс қозғап, дене жарақаттарының ауырлық деңгейін анықтау үшін арнайы сараптама тағайындады.
Салтанат Әзірбек, қалалық ПД ресми өкілі:
Қазіргі таңда қылмыстық кодекстің 140-бабының нормалары бойынша қылмыстық іс қозғалып, тиісті тергеу амалдары жүргізілуде. Сол маманның өзінің іс-әрекетіне құқықтық баға беріледі. Сосын осы орталықтың меңгерушілеріне де, әкімшілеріне де құқықтың баға берілетін болады.
Автор
Жазира Оразқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17