Референдум: Ақпараттық штаб құрылды
Еліміздегі басты стратегиялық құжат – Ата Заңымыздың әділ де шынайы қабылдануына ақпараттық тұрғыда ықпал етуіміз керек. Тәуелсіз байқаушылар осылай деп отыр. Осы ретте Жаңа Конституцияны қабылдау жөнінде арнайы ақпараттық штаб құрылды. Мақсаты – Ата Заңға қатысты жалпыхалықтық дауыс берудің барысын халыққа жедел әрі шынайы хабар жеткізуді көздейді. Оннан астам аймақтан тікелей эфир ұйымдастырылып, сайлау учаскелері ашылған сәттен бастап дауыс беру аяқталып, алғашқы қорытындылар жарияланғанға дейін үздіксіз хабар таратылады. Егер қандай да бір штаттан тыс жағдайлар орын алса, оқиға орнынан жедел ақпарат беріледі, дейді штаб өкілдері.
Рафаэль Гасанов, қалалық қоғамдық кеңес мүшесі:
Қоғамдық коммуникациялар орталығы референдумға дейін өз жұмысын белсенді жүргізеді. Сонымен қатар, елімізде құрылып жатқан өзге де тәуелсіз байқаушылар ұйымдарын ортақ ақпараттық алаңға бірігуге шақырамыз. Негізгі мақсат – халыққа хабар тарату барысында заң талаптарын кеңінен түсіндіріп, ашық әрі сауатты ақпараттық орта қалыптастыру.
Автор
Айдана Қуантхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қарт бағбан жыл сайын 100 мыңға жуық ағаш көшетін өсіреді
03.04.2026, 20:58
300 жылға жуық тарихы бар Дат корольдік театрының гала-концерті өтеді
03.04.2026, 20:55
Ертең «SuperStar KZ» жобасының кастингі басталады
03.04.2026, 20:55
Қос боксшы жартылай финалға жолдама алды
03.04.2026, 20:53
Оңтүстік Кореяда заңды түрде жұмыс істеуге рұқсат берілуі мүмкін
03.04.2026, 20:19
Жаппай рейд: Жол тәртібі сын көтермейді
03.04.2026, 20:16
Электрлі самокаттардың тротуармен жүруіне тыйым салынуы мүмкін
03.04.2026, 20:16
Электрлі самокаттарға қатысты жаңа ереже енгізіледі
03.04.2026, 20:14