Ақтөбе облысында «Таза Қазақстан» акциясы жалғасты
Ақтөбе облысында соңғы бір жылда «Таза Қазақстан» акциясына 421 мың адам қатысқан. Бұл өңір халқының жартысына жуығы.
Осы уақытқа дейін 116 мың аула, 1765 әлеуметтік нысан мен 342 саябақ аумағы тазартылған. Экологиялық акцияларға әсіресе, еріктілер мен «Жасыл ел» еңбек жасақтары ерекше үлес қосуда. Бүгін олар Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің студенттерімен бірге көшеге шығып, тұрғындарға аумақтарды абаттандыру қағидалары жазылған парақшалар таратты. Өңірде қар кетісімен тазалық жұмыстары басталады. Одан бөлек жастар ағаш отырғызу және көгалдандыру ісіне белсенді түрде қатысады.
Ақтоты Нұрбай, облыстық «Жасыл ел» еңбек жасақтары штабының менеджері:
Былтыр біз 3200 жасты жұмыспен қамтыған болатынбыз. Алдағы жоспар да 3200 жас жоспарда. Наурыз айы бойынша қаламызда 29 жас. 10 жас көгалдандыру бағытында жұмыс жасаса, 19 жас абаттандыру бағыты бойынша жұмыстануда.
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Еңбекшіқазақ ауданында құны шамамен 21 млрд теңге болатын астық кешені салынуда
15.09.2026, 18:28
Енді еліміздің диқандары астықты Қытайға делдалсыз сата алады
15.09.2026, 17:37
Созақтағы аурухананы толық жөндеп жатыр
15.09.2026, 17:35
Павлодар облысының алыс ауылдарының жолдарын жөндей бастады
15.09.2026, 17:33
Ел жаңалықтарына шолу
15.09.2026, 17:32
Маңғыстаулық жастар Германияда тәжірибеден өтеді
15.09.2026, 17:30
Конгода екі мектеп өртеніп, оқушылар қаза тапты
15.09.2026, 17:29
Қытай өз азаматтарына елге кіріп-шығуды қатаңдатты
15.09.2026, 17:28