Оралда жастар форумына 4 мың студент пен жас маман қатысты
Оралда «Менің дауысым – менің Конституциям» тақырыбында жастар форумы өтті. Айтулы шараға барлық оқу орнынан 4 мыңға жуық студент пен жас маман қатысты. Ел үшін маңызды белес, жаңа Конституция жобасын қабылдау қарсаңында жастар да өз ойы мен азаматтық ұстанымын білдірді. Олардың айтуынша, Конституция бұл жай ғана құқықтық құжат емес, бұл – ортақ құндылық, болашақты бағдарлайтын темірқазық. Сахнаға көтерілген белсенді жастар осы бағытта ой қозғап, замандастарын алдағы референдумға бір кісідей қатысуға үндеді. Ал облыстық коалиция мүшелері жаңа Конституция жобасының маңызын, дауыс берудің мәнін жастарға қарапайым тілмен түсіндірді. Оларға жігер беріп, сенімін нығайтты.
Дулат Мақатов, «Respublika» партиясы облыстық филиалының төрағасы:
Жаңа Конституция жобасында ғылым, білім, инновацияға ерекше көңіл бөлінген. Сондықтан бірлік бар жерде - тірлік бар. Заң бар жерде тәртіп бар. Кәсіпкерлік бар жерде даму бар. Біз қуатты Қазақстанды құру жолындамыз.
Автор
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астана 2028 жылы УЕФА суперкубогін қабылдайды
15.09.2026, 20:28
Үстел теннисінен Президент кубогі басталды
15.09.2026, 20:27
Тау туризмі - Алматы экономикасының жаңа драйвері
15.09.2026, 20:18
Цифрлық активтер нарығын дамытудың 6 бағыты ұсынылды
15.09.2026, 20:09
Сарапшы: Кореямен ынтымақтастық цифрлық инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді
15.09.2026, 20:05
Қазақстан мен Корея президенттері келіссөз жүргізді
15.09.2026, 20:05
Зейнетақы жинағын игеру жолдары
15.09.2026, 20:04
Қазақстан мен Корея $19 млрд-қа келісім жасады
15.09.2026, 20:02