Президент бірнеше елдің елшілерінен сенім грамотасын қабылдады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сегіз мемлекеттің Төтенше және өкілетті Елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады. Ақордада құжат тапсыру рәсіміне Норвегия, Аргентина, Гана, Мали, Гамбия, Бангладеш, Шри-Ланка мен Босния және Герцеговина мемлекеттерінің елшілері қатысты. Мемлекет басшысы дипломаттарға Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси даму перспективасы жөнінде әңгімелеп, елдің бейбіт сыртқы саясат жүргізетінін атап өтті. Сонымен қатар Президент шет мемлекеттер елшілерінің жауапты қызметіне табыс тіледі.
Иван Орлич, Қазақстандағы Босния және Герцеговинаның Төтенше және өкілетті Елшісі:
Мен Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен жүздескеніме қуаныштымын! Босния және Герцеговина Еуропаның оңтүстік-шығысында орналасқан мемлекет. Дипломатиялық миссиямды атқаруға, соның ішінде екі елдің арасындағы әлеуеті зор қарым-қатынасты жан-жақты дамыту үшін келдім.
Алкали Фанка Конте, Қазақстандағы Гамбия Республикасының Төтенше және
өкілетті Елшісі:
Мен Қазақстанға келгеніме қуаныштымын! Гамбия мен Қазақстанның қарым-қатынасы тығыз. Екі елдің бірқатар саладағы ынтымақтастығын дамытуға болады. Соның ішінде ауыл шаруашылығын дамытуды атап өткен жөн. Жалпы сауда-саттық көлемін де арттыруға бейілміз.
Автор
Темірлан Нұрсолтан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Тау туризмі - Алматы экономикасының жаңа драйвері
15.09.2026, 20:18
Цифрлық активтер нарығын дамытудың 6 бағыты ұсынылды
15.09.2026, 20:09
Сарапшы: Кореямен ынтымақтастық цифрлық инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді
15.09.2026, 20:05
Қазақстан мен Корея президенттері келіссөз жүргізді
15.09.2026, 20:05
Зейнетақы жинағын игеру жолдары
15.09.2026, 20:04
Қазақстан мен Корея $19 млрд-қа келісім жасады
15.09.2026, 20:02
Тұрғын үйге мұқтаж азаматтарға 2-5% жеңілдетілген ипотека беріледі
15.09.2026, 20:01
Алматыда емхананы ауыстыру талаптары жеңілдетілді
15.09.2026, 19:53