СҚО-да «Ботай. Ғайып ғалам» фильмін түсіре бастады
Солтүстік Қазақстан облысында «Ботай. Ғайып ғалам» фильмінің түсірілімі басталды.
Кинокартинада өркениетке жол ашқан тарихи кезең мен бүгінгі күн бейнеленеді.
Негізгі түсірілім Айыртау ауданындағы жылқы малы алғаш рет қолға үйретілген
ежелгі Ботай қонысы мен Петропавл қаласында өтеді. Сценарий авторларының
айтуынша, фильм тарихи деректерге негізделген. Туындыны биыл желтоқсан айында
прокатқа шығару жоспарланып отыр.
Құрманбек Жұмағали, Ұлттық киноны
қолдау мемлекеттік орталығының басқарма төрағасы:
Биыл ұлттық киноны қолдау орталығының қолдауымен 24 жоба аяқталады. Оның 15-і толықметражды көркем фильмдер. Қалғандары анимациялық, деректі фильмдер. Соның бірі – «Ботай ғайып ғалам». Өңірге үлкен бір серпін береді деген сенімдеміз.
Сонымен қатар Петропавлда жасанды интеллект көмегімен жасалған қысқаметражды
фильмдер байқауы жарияланған болатын. Кино апталығы аясында жеңімпаздар
марапатталды. Жоба мәдениетті, ұлттық
тарихи-мәдени мұраны және заманауи құндылықтарды цифрлық технологиялар арқылы
дәріптеуге бағытталған. Байқауға 100-ден астам еңбек ұсынылды. Онлайн байқауға
Қырғызстан, Өзбекстан, Реесей авторлары да қатысты. Жеңімпаздар қаржылай
сыйлықпен марапатталды.
Евгений
Зиновьев, мультипликатор:
Мен «Ботай» мәдениеті тақырыбын таңдап алдым. Тек тегін платформаларды пайдаландым. 5 күнге жуық уақытым кетті. Режиссерлік білім қажет болды. Жеңімпаз атанамын деп күтпеген едім.
Автор
Эльмира Кәленова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Өскемен мен Қостанайда «Таза Қазақстан» акциясы өтті
19.05.2026, 17:35
Сауалнама: Кітап оқисыз ба?
19.05.2026, 17:30
«Мәдениет және инновация» республикалық форумы басталды
19.05.2026, 17:27
ҰБТ: Бірнеше оқушы 140 балл жинады
19.05.2026, 17:25
Тараздағы су арнасына адамдар батып кетіп жатыр
19.05.2026, 17:22
Қарағанды облысында 1 млн 200 мың гектар алқапқа дән септі
19.05.2026, 17:20
Alatau City-де әуе таксиін көрсетті
19.05.2026, 17:17
Қазақстан Бітімгершілік күші Голан жоталарына аттанды
19.05.2026, 17:15