БҚО-да 108 адам қызылша жұқтырған
Батыс Қазақтан облысында 108 адам қызылша дертін жұқтырған. Өңірде эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз. Жыл басынан бері ауырған 108 адамның 29-ы жасқа толмаған сәбилер, 53-і 1-ден 4 жасқа дейінгі, 16-сы 5-тен 14 жасқа дейінгі балалар. Аурудың басым бөлігі облыс орталығы Оралда тіркелген. Ұлттық профилактикалық егу күнтізбесіне сәйкес, негізі қызылшаға қарсы вакцинация бала 1 және 6 жасқа толғанда жасалады. Ал қазір эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру үшін 6 айдан 10 айға дейінгі нәрестелерді, бұрын екпе алмаған балаларды, медицина қызметкерлерін де вакцинациялау қолға алынған.
Нұрлыбек Мұстаев, облыстық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары:
Аурушаңдық өсуінің бірден-бір себебі - 85%-ы екпе алмаған балалардың арасында тіркеліп отыр. Бұл негізгі факторлардың бірі болып тұр. Себебі екпе алмаған жағдайда бала 100% ауырады деп айта аламыз. Сондықтан негізгі фвкторлардың бірі – қазіргі таңда екпемен қамтылмаудан болып отыр.
Автор
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17