ШҚО-да туберкулездің алдын алу екпесінен бас тартатындар көбейген
Шығыс Қазақстан облысында жаңа туған сәбиіне туберкулезге қарсы вакцина салдырудан бас тартатын ата-аналар көбейіп барады. Өңірде тек былтыр 171 нәрестеге екпе егілмеген. Соның ішінде 68 балаға медициналық тұрғыда кері әсері себеп болған. Ал 78 сәбидің ата-анасы вакцинадан саналы түрде өз ерікмен бас тартқан. Тағы 25 балаға өзге себепке байланысты вакцина салынбаған. Дегенмен өңірде жалпы жаңа туған шақалақтардың 97 пайызы туберкулезге қарсы егіледі. Былтыр облыста 7 362 сәби дүниеге келсе олардың 97 пайызына БЦЖ екпесі салынған.
Сәуле Сламғазина, облыстық Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті
басшысының орынбасары:
Жалпы, 2025 жылы БЦЖ екпесінен 78 ата-ана бас тартқан. Олардың айтуы бойынша – вакцинаға сенімсіздік себебінен. Бала өссін, перзентханада жасатпаймын, салмақ қоссын, сәл өссін артынан аламыз деген де ата-аналар бар. Негізі медицина қызметкерлері тарапынан ата-аналармен жұмыс тығыз жүргізіледі.
Автор
Олжас Керейхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17