Ұлыбританияда көші-қон саясаты күшейтілді
Таяу Шығыстағы жағдайдан кейін батыс елдерінен пана іздейтін босқындар легі артуы мүмкін. Сарапшылар осылай дейді. Бұған дейін де мигранттар нөпірінен тығырыққа тірелген Ұлыбритания үкіметі көші-қон саясатын күшейтті. Бізбен байланыста Лондондағы тілшіміз Марина Бекенова. Марина, Таяу шығыстан өзге тағы қандай мемлекеттердің азаматтарына шектеу енгізілді?
Марина Бекенова, тілші:
Иә, Ұлыбританияда көші-қон саласы қатаң бақылауға алынды. Осы айдан бастап жергілікті үкімет Ауғанстан, Камерун, Мьянма және Судан азаматтарына оқу визаларын беруді тоқтатады. Сонымен қатар Ауғанстаннан келетін білікті мамандарға арналған жұмыс визаларына да уақытша шектеу қойылады. Бұл ел тарихында бұрын-соңды болмаған жағдай. Ресми деректерге сәйкес, көбіне аталған төрт елдің азаматтары осында оқуға келіп, елдеріндегі кедейлікті сылтау етіп, баспана сұрап қалып қояды.
Шабана Махмұд, Ұлыбритания Ішкі істер министрі:
2021 жылдан бері оқу визасымен келген ауған азаматтарының шамамен 95%-ы баспана сұраған. Мьянмадан келген студенттердің өтініштері 16 есе, Камерун мен Судандықтардың өтініштері 4 есеге артқан.
Марина Бекенова, тілші:
Ауғанстан мен Пәкістан арасындағы шиеленіс, Судандағы азаматтық соғыс, Камерундағы сепаратистік толқулар және Мьянмадағы әскери төңкерістер де миграттардың баспана сұрауына себеп болуы мүмкін. Таяу Шығыстағы жағдай да ірі гуманитарлық дағдарысқа алып келеді деген қауіп бар. Десе де үкімет Ирандық босқындарға келуге тыйым салуды жоспарлап отырған жоқ. Себебі Біріккен ұлттар ұйымының ұсынысы бойынша қабылданған мигранттар саны жөнінен Ұлыбритания әлемде алтыншы орында тұр. Бұл осы елдің шынымен де көмекке мұқтаж адамдарға қолдау көрсетуге дайын екенін көрсетеді.
Автор
Марина Бекенова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Болашақ ойындары-2026»: Қатысушылардың алды Елордаға келді
25.07.2026, 20:07
Мүмкіндігі шектеулі балаларға көрсетілетін көмектің аясы кеңейіп келеді
25.07.2026, 20:06
Жұқпалы аурулардың 21 түріне қарсы вакцина егіледі
25.07.2026, 20:05
Маңғыстаудың жартасты мешіттері ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілді
25.07.2026, 20:05
Халық пікірі: Ата Заң – әділетті қоғам негізі
25.07.2026, 20:05
Саяси дода қыза түсті
25.07.2026, 20:04
Қазақстан мен Ресейдің көлік-логистикалық ынтымақтастығы стратегиялық сипатқа ие
25.07.2026, 20:04
Қазақстан – Ресей өңіраралық форумы
25.07.2026, 20:03