Жаңа Конституция жобасы брайль қарпінде жарық көрді
Қарағандыда жаңа Конституция жобасы брайль қаріпінде жазылып, кітап болып басылды.
Облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханада дайындалған нұсқа, көпшіліктің көңілінен шықты. Себебі, бұл жаңа Ата заңымызда көрсетілген құқтық негіздердің орындалуы, дейді жұртшылық. Конституция қалың, бедерлі парақтарға арнайы құрылғымен, халықаралық стандарттарға сай басылған
Асхат Егеубаев, қала тұрғыны:
Бәрі тамаша, жақсы түсінікті. Біз енді теледидардан, радиодан естіп жатырмыз, ғаламторда да ақпарат көп. Өзім барйлша оқып жатырмын. Тамаша, түсініп отырмын.
Жаңа нұсқа әзірге тек Қарағанды облысында ғана басылып шығарылды. Қаланың кез келген тұрғыны кітапханаға барып, оқи алады. Бұл көру қабілеті шектеулі жандардың Ата Заңмен танысып, олардың қоғам өмірге толыққанды араласуына, құқықтарын білуіне және өздерін қорғауына мүмкіндік береді, дейді мамандар.
Айжан Қиясова, облыс Әкімінің штаттан тыс кеңесшісі:
Басқа өңірлерде естуімше жоқ. Қарағанды облысында бірінші рет Конституция жобасын аударып, кітапхана мамандары дайындаған екен. Мемлекетіміздің инклюзиаға, теңдікке, адам құқығының теңдігіне дайындығын дәлелдейді. Сондықтан да бұл үлкен дәреже.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы