Алматыда орташа жылдамдықты есептейтін камералар іске қосылды
Үлкен Алматы айналма автомобиль жолында орташа жылдамдықты есептейтін бейнебақылау камералары іске қосылды. Жаңа жүйе әсіресе жол-көлік оқиғалары жиі болатын жерлерге орнатылған. Облыстық Полиция департаментінің хабарлауынша, соңғы екі жылда мұнда 400-ден аса жол-көлік апаты болыпты. Оның 20-сы қайғылы оқиғамен аяқталған. Осы ретте жаңа жоба жол апаттарының санын азайтпақ. Бұл жолда жеңіл көліктер үшін рұқсат етілген ең жоғары жылдамдық сағатына 120 шақырым. Ал кейбір жүк көліктері мен автобустар үшін жылдамдық шектеуі - 90–110 шақырым аралығында, дейді мамандар.
Шерхан Болатбекұлы, «Үлкен алматы айналма автомобиль жолы» ЖШС заңгері:
66 шақырым бойында төрт түрлі аймақтарға бөліп, төрт түрлі айыппұл мүмкіндігі бар. Бізде барлық жүйе бірыңғай мемелкеттік уақыт өлшемімен бекітілген. Әрбір аркадан кірген уақытпен, шыққан уақыт есептеледі. Және де есептеу жүйелеріне, формулаларына сәйкес екі аркадан арақашықтық есептелген. Осы ара қашықта көліктің жүрген уақытына қарай орташа жылдамдығы есептеледі. Егер орташа жылдамдық заң талаптарынан жоғары болып шықса, айыппұл тағайындалады.
Автор
Айдана Қуантхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Өскемен мен Қостанайда «Таза Қазақстан» акциясы өтті
19.05.2026, 17:35
Сауалнама: Кітап оқисыз ба?
19.05.2026, 17:30
«Мәдениет және инновация» республикалық форумы басталды
19.05.2026, 17:27
ҰБТ: Бірнеше оқушы 140 балл жинады
19.05.2026, 17:25
Тараздағы су арнасына адамдар батып кетіп жатыр
19.05.2026, 17:22
Қарағанды облысында 1 млн 200 мың гектар алқапқа дән септі
19.05.2026, 17:20
Alatau City-де әуе таксиін көрсетті
19.05.2026, 17:17
Қазақстан Бітімгершілік күші Голан жоталарына аттанды
19.05.2026, 17:15