Алматыда «Ұшқыр ой алаңы» республикалық дебатына дайындық басталды
Алматыда мектеп оқушылары арасында өтетін «Ұшқыр ой алаңы» атты республикалық дебат турниріне дайындық басталды. Зияткерлік дода 26-27 наурыз күндері өтеді. Байқауға Қазақстанның барлық өңірінен 8-11 сынып оқушылары қатысады. Мақсат – «Заң және тәртіп» идеологиясын насихаттап, жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру. Ұйымдастырушылардың айтуынша, пікірсайыс қозғалысы оқушылардың интеллектуалдық дамуына, шығармашылық ойлауына және ұлттық сана-сезімінің қалыптасуына ықпал етеді. Бұған қоса, оқушылардың цифрлық және компьютерлік сауаттылығын арттыру да – маңызды бағыттардың бірі.
Ақниет Нұрсанат, дебатқа қатысушы:
Сендіру, нандыру және иландыру деген сияқты қасиеттерге ие боламыз. Дебат ойнау арқылы. Пікірсайыс бізге не сыйлайды? Сайыс бізге көпшілік ортада еркін, ешкімнен ұялмай сөйлей аламыз. Сонымен қатар бізге пікірсайыста неше түрлі гранттар, неше түрлі жүлделі орындар болады. Сол арқылы біз өзімізге жарқын болашақ сыйлай аламыз.
Автор
Қуан Нұрақын
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астана 2028 жылы УЕФА суперкубогін қабылдайды
15.09.2026, 20:28
Үстел теннисінен Президент кубогі басталды
15.09.2026, 20:27
Тау туризмі - Алматы экономикасының жаңа драйвері
15.09.2026, 20:18
Цифрлық активтер нарығын дамытудың 6 бағыты ұсынылды
15.09.2026, 20:09
Сарапшы: Кореямен ынтымақтастық цифрлық инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді
15.09.2026, 20:05
Қазақстан мен Корея президенттері келіссөз жүргізді
15.09.2026, 20:05
Зейнетақы жинағын игеру жолдары
15.09.2026, 20:04
Қазақстан мен Корея $19 млрд-қа келісім жасады
15.09.2026, 20:02