Қорғаныс саласында 13 мыңнан аса қыз-келіншек қызмет атқарады
Әдетте әскери салада әлсіздерге орын жоқ. Мұнда тек темірдей тәртіпке төзгендер ғана тер төгеді. Қазір еліміздің қорғаныс саласында ерлермен қатар, 13 мыңдай қыз-келіншек қызмет атқарады. Олардың шамамен 400-і аға офицер, ал, 5000-нан астамы сержанттар мен қатардағы әскери қызметші. Бүгін қорғаныс министрлігінде ел тыныштығын қорыған, антына адалдық танытқан арулар мен сала ардагерлерінің құрметіне салтанатты жиын өтті. Мереке мезіретінде жыл бедерінде жемісті жұмыс атқарып, кәсібилік көрсеткен қыз-келіншектер марапат мінберіне көтерілді. Сондай-ақ, бірқатар қызметкер мерзімінен бұрын әскери атаққа ие болды.
Марал Қайырбекова, 65229 әскери бөлімінің аға технигі:
Әскери салада 8 жылдан аса қызмет етемін. Қазақ әйелі баяғыдан даланы қорғаған, ерлермен бірге ерлік жасаған. Әйелдің қоғамдағы рөлі ерекше. Өйткені, отбасының құты болған әйел, отанға да адал қызмет етеді деп сенемін.
Автор
Қозы Көрпеш Жасарал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астана 2028 жылы УЕФА суперкубогін қабылдайды
15.09.2026, 20:28
Үстел теннисінен Президент кубогі басталды
15.09.2026, 20:27
Тау туризмі - Алматы экономикасының жаңа драйвері
15.09.2026, 20:18
Цифрлық активтер нарығын дамытудың 6 бағыты ұсынылды
15.09.2026, 20:09
Сарапшы: Кореямен ынтымақтастық цифрлық инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді
15.09.2026, 20:05
Қазақстан мен Корея президенттері келіссөз жүргізді
15.09.2026, 20:05
Зейнетақы жинағын игеру жолдары
15.09.2026, 20:04
Қазақстан мен Корея $19 млрд-қа келісім жасады
15.09.2026, 20:02