«Су тасқыны-2026» айлығы жарияланды
Батыс Қазақстан облысында «Су тасқыны – 2026» айлығы жарияланды. Айлық аясында жол бойындағы 600-ге жуық құбыр, елді мекендердегі 300 шақырым арық омбы қардан аршылды. Өзендерде ойық бұрғыланып, мұз кесілді. Жер қарайтылып, 1 млн текше метрге жуық қар шығарылды. Кептеліс қаупі бар өзендерде мұз жару жалғастырылып жатыр. Былтыр жергілікті бюджеттен 2,9 млрд теңге қаржы бөлініп, Орал қаласы мен төрт ауданда 12 шақырымнан астам бөгет салынды. Бес өзеннің арнасы кеңейтіліп, түбі тереңдетілді. Жайықтың жағалауы нығайтылып, 214 шақырым канал тазартылды. Биыл су тасқыны кезеңіне 2 мыңнан астам техника мен 4 мыңнан астам адам тас түйін дайын.
Автор
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17