Түрлі кәсіпті меңгерген қыз-келіншектер
Түркістан облысында ердің жүгін арқалап, еңбектен қашпаған қыз-келіншектер түрлі мамандықты меңгерген. Бірі бұзылған көліктің ақауын анықтап, жөндесе, енді бірі такси қызметінде. Тағы бір түркістандық ару жауынгерлік самбодан әйелдер арасындағы тұңғыш әлем чемпионы. Осылайша таңмен таласа тұрып, ерлермен иық тіресе жүрген нәзікжандылар түрлі салада еңбек етіп жүр.
Нұрила Асанқызы жауынгерлік самбодан әлемдік аренада Қазақстанның туын желбіретіп жүрген спортшы. Ол 2024 жылы әлем чемпионатында ел қоржынына тарихи алтын салды. Спорттың бұл түрі күш пен жылдамдық, төзімді талап ететін жекпе-жек түрі. Қыз баласына ауыр болғанымен, жаттығу залына келгенде болмысымыздың ұмытамыз, дейді Нұрила.
Нұрила Асанқызы, Жауынгерлік Самбодан әйелдер арасындағы тұңғыш әлем чемпионы:
Күніне 2 мезгіл тренировка жасаймын. Балдармен істеймін, негізі жалпы қыздармен жасамаймын. Бапкерім маған қыз сияқты қарамайды, ер баламен бірдей көреді. Бірдей бәрін қатар көргеннен кейін осындай еңбек шығады деп ойлаймын. Негізі адам баласы өзінің жақсы көретін ісімен айналысуы керек. Сонда ғана табысты, сонда ғана алдыға қарай жетелейді деп ойлаймын.
Ал Айзада Мейірбанованы көлік тізгіндеушілер «Автокөлік дәрігері» деп атап кеткен. Өйткені ол ширек ғасырдан бері көліктерге компьютерлік диагностика жасайды. Бұзылған көліктің ақауын әп-сәтте тауып, жөндеп береді. Темір тұлпардың қыр-сырын жетік меңгерген келіншек күніне 4-5 көлікке қызмет көрсетемін дейді.
Айзада Мейірбанова, шебер:
Клиенттер келген кезде таңғалады, істей аласың ба деп сұрап тұрады. Сосын істеп болған соң рақмет деп айтады. Біреулер бар ер адам істей алмағанды қыз бала істей алады ма деп, күдіктеніп тұрады. Өмірге қайтып келсем де осы мамандықты қайтадан істейтін едім.
Такси жүргізушісі Бибіқыз Бектұрсынованы Түркістанда білмейтіндер жоқ. Себебі ол кез келген жолаушыдан бар болғаны 100 теңге алады. 30 жылдан бері осы кәсіптің нәсібін көріп кележатқан келіншекке бензин құны да, басқа да әсер етпейді. Бастысы береке мен елдің алғысы,- дейді көлік тізгіндеуші.
Бибіқыз Бектұрсынова, Такси жүргізушісі:
Жүз теңгеден не пайда табасыз дейді. Негізі тиыннан құралады екен бәрі. Көбіне маған қыз балалар хабарласады. Түнде басқа таксиге мінуге қорқады. Соларды тасып үйге барғанша сағат 12-1 болады. Қазақта бір сөз бар «қанағат қарын тойдырады».
Қыз-келіншектер қандай кәсіпті меңгерсе де, мейірім мен махаббат, ізгілік пен жылулық олардың жүрегінде қала бермек. Өйткені әлем арулармен әдемі.
Автор
Айнұр Әбілқасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қиыршық тас шығарудың озық технологиясы
03.04.2026, 18:02
Қарағанды облысында 143 шақырым электр желісі қайта жаңартылады
03.04.2026, 17:57
Оралда жаңа көпір құрылысы басталады
03.04.2026, 17:54
Еуропада қайта өңделген ескі киімдерге сұраныс артты
03.04.2026, 17:49
Таяу Шығыстағы соғысқа байланысты Еуропа мен Африкаға көлік экспорты қиындады
03.04.2026, 17:47
Әлем нарығында мұнай айтарлықтай қымбаттады
03.04.2026, 17:45
Жол апатынан 616 адам жарақат алған
03.04.2026, 17:41
Медицина қызметкерлерінің атынан алаяқтық қоңыраулар жиіледі
03.04.2026, 17:40