Елімізде былтыр елде 20 млн шаршы метрден астам баспана пайдалануға берілді
Былтыр елде 20 млн шаршы метрден астам баспана пайдалануға берілген. Ең көп үй Астана, Алматы және Шымкент қалаларында салынған. Қазір Үкіметте тұрғын үй құрылысын дамыту және құрылыс саласын цифрландыру мәселесі қаралып жатыр
Нұрсұлтан Тілектес, тілші:
Үкімет отырысы басталды. Күн тәртібіне тұрғын үй құрылысын дамыту және құрылыс саласын цифрландыру мәселесі шығарылып отыр. Өйткені бұл бағытта тұрғын үй бағасының қымбаттауы, инженерлік инфрақұрылымның жетіспеуі яғни, өңірлерде жаңа үйлер салуға жол, су, жылу, кәріз, электр желілері толық дайын болмауы, ұзақ бюрократиялық рәсімдер, баспананың сапасы сынды шешілуі тиіс бірқатар мәселе бар. Одан бөлек барлық процестің толық цифрланбауы, BIM технологиясының кең таралмауы яғни, бірыңғай дерекқордың жоқтығы байқалады дейді, мамандар. құрылыс саласын цифрландырудың 2026–2027 жылдарға арналған жоспары бекітілді. Құжатқа сәйкес, алдағы уақытта құрылыс жобаларын BIM жүйесімен әзірлеу, мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру, нысандардың цифрлық паспорттарын жасау және құрылыс нормаларын машина оқитын форматқа көшіру жоспарланып отыр.Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2025 жылы Қазақстанда 20 млн шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілген. Бұл 2024 жылмен салыстырғанда 5 пайызға көп. Ең көп тұрғын үй Астана, Алматы және Шымкент қалаларында салынған. Ал ең жоғары өсім Жетісу, Алматы және Қарағанды облыстарында тіркелген. Жалпы тұрғын үйлердің 90 пайызын жеке құрылыс компаниялары салған. Оның ішінде халық өз күшімен тұрғызған үйлердің көлемі 7 миллион шаршы метрден асады.
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ерлан Қарин: Мемлекеттік сыйлық – тұлғаға емес, туындыға берілетін сыйлық
01.11.2026, 21:24
Халық пікірі: Жолдауда мұғалімдер мәртебесіне ерекше назар аударылды
01.11.2026, 20:00
Мемлекет басшысы келесі жылы «Балқаш» АЭС-інің құрылысын бастауды тапсырды
01.11.2026, 20:00
Еуропа мен Азия арасындағы жүк тасымалы: Қазақстанның мүмкіндігі қандай?
01.11.2026, 20:00
Жолдау: Депутаттар өңірлерді аралап, тұрғындармен кездеседіі
01.11.2026, 20:00
Ең төменгі жалақының өсуі 1,8 млн азаматтың табысына әсер етеді
01.11.2026, 20:00
Бюджеттен жалақы алатын 370 мыңнан астам қызметкердің жалақысы өсуі мүмкін
01.11.2026, 20:00
Түркі елдерінің басшылары Анкарада бас қосты: Саммитте қандай мәселелер талқыланды?
01.11.2026, 20:00