Ауа-райына байланысты кейбір аймақта көлік қозғалысы шектелді
Ауа райыны күрт құбылуына байланысты республикалық маңызы бар автожолдар уақытша жабылды. «ҚазАвтоЖолдың» дерегінше, Қостанай облысының шекарасынан СҚО-ның шекарасына дейінгі жол жабық. Қостанай облысының шекарасынан Сұрған ауылына дейін, Балкашин мен Астрахан ауылдары мен Атбасар қаласы арасындағы, Жақсы мен Бұзылық ауылдары арасындағы жол қатынасы уақытша тоқтатылды. Сондай-ақ Қостанай облысында Октябрьский кенті мен Арқалық қаласының Ақмола облысына дейінгі учаскелері жабық. Бұдан бөлек, Ақмола облысы шекарасынан Достық ауылына дейінгі жолда көлік қозғалысы шектелді. Ұлытау облысында Жезді ауылынан Ұлытау кентіне дейінгі учаскеде де жол жабық. Төтенше жағдай мамандары қолайсыз ауа райында жолға шықпауды ескертеді.
Автор
Қозы Көрпеш Жасарал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17