Астананың күні күрт бұзылды
Астанада күн күрт бұзылып, қар жауып, боран соғып тұр. Жел күшейгендіктен екінші ауысымдағы бастауыш сыныптан бастап 8 сыныпқа дейінгі оқушылар онлайын форматқа ауыстырылды. Ақтүтек боранға байланысты Астанада шығатын бірқатар маңызды жолдар жабылды. Сырттағы ауа райын әріптесім Темірлан Нұржанұлы жеткізеді. Темірлан боран басылды ма? Синоптиктердің болжамы қандай?
Темірлан Нұржанұлы, тілші:
- Иә, Қонысбек, боранда тұру да, жүру де оңай болмай тұр. Синоптиктердің мәліметінше, қазіргі қолайсыз ауа райына солтүстік батыстан соғып жатқан жел себеп. Оның екпіні 15-23 метрге дейін жетеді. Қазір қалада қалың қар жауып жатыр. Сондықтан көшелер де, ғимараттар да дұрыс көрінбей. Кептелістің болып жатқаны да содан. Қолайсыз ауа райына байланысты бүгін екінші ауысымда оқиты даярлық топтарынан 8 сынып оқушыларына дейін сабақ болмайды. Бұдан бөлек, такси қызметінің бағасы да қымбаттаған. Қалада жол ақысы шамамен 2 мың теңгеден бастап, 5 мың теңгеден асып отыр. Сондай-ақ, республикалық маңызы бар «Астана – Қарағанды – Алматы» автожолындағы Атамекен кентінен бастап Балқаш қаласына дейін көліктің барлық түрінің қозғалысына уақытша шектеу енгізілді. Қорғалжын тас жолы да жабылды. ҚазАвтожолдың ақпаратына сай жолды ертең таңғы сағат 08:00-де ашу жоспарланып отыр.
Автор
Темірлан Нұрсолтан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17