Бүгін парашаңғышыларымыз сайысқа шығады
Италияның солтүстігіндегі Милан, Кортина-д’Ампеццо және басқа да бірқатар қалаларда 2026 жылғы қысқы Паралимпиада ойындары өтіп жатыр. Төртінші жарыс күнінде Қазақстан спортшылары парашаңғы жарыстарында медаль үшін бақ сынайды.
Бүгінгі жарыс кестесінде парашаңғы жарысы болады. Классикалық стильдегі спринтте әйелдер арасында іріктеу өтеді. Ерлер арасында, «тұрып сырғанау» және «отырып сырғанау» санатында да іріктеу кезеңі бар. Бұдан бөлек, парашаңғы жарысының классикалық стильдегі спринтінде финалдық жарыста да жерлестеріміз өнер көрсетеді деп жоспарланған. Дүбірлі доданы «Қазспорт» телеарнасынан көріп, жерлестерімізге, қайсар жандарға бірге жанкүйер болайық.
КЕСТЕ:
13:45 — Парашаңғы жарысы. Классикалық стильдегі спринт. Көру қабілеті бұзылған әйелдер, іріктеу (Анна Грачёва)14:55 — Парашаңғы жарысы. Классикалық стильдегі спринт. Ерлер, «тұрып сырғанау» санаты, іріктеу(Александр Герлиц, Владислав Кобаль, Нұрлан Әлимов)15:05 — Парашаңғы жарысы. Классикалық стильдегі спринт. Ерлер, «отырып сырғанау» санаты, іріктеу(Ербол Хамитов, Сергей Усольцев, Юрий Березин)17:30 — Парашаңғы жарысы. Классикалық стильдегі спринт. Финал(Анна Грачёва, Александр Герлиц, Владислав Кобаль, Нұрлан Әлимов, Ербол Хамитов, Сергей Усольцев, Юрий Березин)
Автор
Азамат Бейбітұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Болашақ ойындары-2026»: Қатысушылардың алды Елордаға келді
25.07.2026, 20:07
Мүмкіндігі шектеулі балаларға көрсетілетін көмектің аясы кеңейіп келеді
25.07.2026, 20:06
Жұқпалы аурулардың 21 түріне қарсы вакцина егіледі
25.07.2026, 20:05
Маңғыстаудың жартасты мешіттері ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілді
25.07.2026, 20:05
Халық пікірі: Ата Заң – әділетті қоғам негізі
25.07.2026, 20:05
Саяси дода қыза түсті
25.07.2026, 20:04
Қазақстан мен Ресейдің көлік-логистикалық ынтымақтастығы стратегиялық сипатқа ие
25.07.2026, 20:04
Қазақстан – Ресей өңіраралық форумы
25.07.2026, 20:03