ХЭА резервтен ондаған млн баррель мұнай шығаруды ұсынды
Халықаралық энергия агенттігі резервтерден өз тарихындағы ең көлемді мұнай қорын шығаруды ұсынып отыр. Американың «Уолл стрит джорнал» газетінің хабарлауынша, бұл бастаманың мақсаты – Таяу Шығыстағы соғысқа байланысты шарықтап кеткен энергетикалық шикізат бағасын төмендету.
Айта кетсек, 2022 жылы Украинада қарулы қақтығыс басталғанда бұл агенттік өзіне мүше елдерден нарыққа 182 млн бөшке мұнай шығарғаны белгілі. Аталған басылымның болжамынша, осы жолғы көлем бұдан да асып кетуі мүмкін.
Дүйсенбі күні Brent маркалы шикізаттың құны 120 долларға жуықтады. Алайда АҚШ президентінің Ирандағы шайқастың жақында аяқталатыны туралы мәлімдемесінен кейін мұнай бағасы 90 долларға дейін төмендегені белгілі.
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ерлан Қарин: Мемлекеттік сыйлық – тұлғаға емес, туындыға берілетін сыйлық
01.11.2026, 21:24
Халық пікірі: Жолдауда мұғалімдер мәртебесіне ерекше назар аударылды
01.11.2026, 20:00
Мемлекет басшысы келесі жылы «Балқаш» АЭС-інің құрылысын бастауды тапсырды
01.11.2026, 20:00
Еуропа мен Азия арасындағы жүк тасымалы: Қазақстанның мүмкіндігі қандай?
01.11.2026, 20:00
Жолдау: Депутаттар өңірлерді аралап, тұрғындармен кездеседі
01.11.2026, 20:00
Ең төменгі жалақының өсуі 1,8 млн азаматтың табысына әсер етеді
01.11.2026, 20:00
Бюджеттен жалақы алатын 370 мыңнан астам қызметкердің жалақысы өсуі мүмкін
01.11.2026, 20:00
Түркі елдерінің басшылары Анкарада бас қосты: Саммитте қандай мәселелер талқыланды?
01.11.2026, 20:00