Бүкіләлемдік энергетикалық саммитте Қазақстанның ұстанымы айтылды
Еуропаның азаматтық ядролық энергетикадан бас тартуы ең үлкен стратегиялық қателік. Еуропалық комиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйен, Францияда өткен Ядролық энергетика жөніндегі бүкіләлемдік саммитте осылай деді. Оның айтуынша, соңғы уақытта Еуропада атом энергиясының үлесі айтарлықтай қысқарып, аймақ сырттан импортталатын мұнай мен газға тәуелді болып қалған. Қазақстан делегациясын бастап барған мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов қазіргі геосаяси тұрақсыздық жағдайында бейбіт атомды қауіпсіз әрі жауапты пайдалану мәселесі ерекше маңызға ие екенін атап өтті. Сонымен қатар Қазақстан барлық халықаралық келіспеушілікті тек келіссөздер мен дипломатиялық жолмен шешуді қолдайтынын жеткізді.
Ерлан Қошанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:
Қазақстан энергетикалық дамудың жаңа белесіне – атом энергетикасы дәуіріне қадам басуда. Біз атом энергетикасын стратегиялық тұрғыда сенімді әрі қолжетімді энергия көзі ретінде қарастырамыз. 2024 жылы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда АЭС салу мәселесін жалпыхалықтық референдумға шығарды. Референдум нәтижелері бүгінгі таңда бізге заманауи, орнықты әрі әртараптандырылған энергетикалық жүйені дамытуға жол ашып отыр.
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Халықаралық цирк фестивалінің жеңімпаздары анықталды
27.07.2026, 17:09
Халық қаһарманы Тоқтар Әубәкіров 80 жасқа келді
27.07.2026, 17:08
Ғылымды дамытуға арналған кешенді жоспар жобасы таныстырылды
27.07.2026, 17:05
Ел жаңалықтарына шолу
27.07.2026, 17:04
Жарқайың ауданында ауыл шаруашылық өнімінің көлемі 50 млрд теңгеден асты
27.07.2026, 17:02
Президентке Ұлытау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндалды
27.07.2026, 17:01
Нью-Йорктегі өрттен 21 адам зардап шекті
27.07.2026, 17:00
Президент Атырау облысының әкімін қабылдады
27.07.2026, 17:00