«Қызылорда – Ақтөбе» автожолын төрт жолаққа кеңейте бастады
«Қызылорда – Ақтөбе» автожолын төрт жолаққа кеңейту құрылысының алғашқы кезеңі басталды. Еліміздің көлік транзитін дамытуға бағытталған маңызды жобаны жүзеге асыруды мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайда міндеттеген болатын. Дәл қазір өңірдегі тілшіміз Әділбек Серікұлы күрежолдың бойынан тікелей қосылуға әзір.
Қайырлы таң Әділбек, жаңа жол туралы ақпартпен бөліссеңіз?
Әділбек Серікұлы, тілші:
Қайырлы күн Айнұр!Біз қазір «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық автодәлізінің бойында тұрмыз. Қаладан 18 шақырым жер. Дәл осы тұстан Қызылорданың солтүстігіне қарай айналма жол түседі. Бұл күрежол «Қызылорда – Жезқазған» трассасымен түйіседі және де батыс өңіріне қарай 450 шақырымнан аса жаңа жол салынады. Яғни оңтүстіктен шыққан транзиттік көліктерге шаһарға кірмей еліміздің орталығы мен батысына тіке жол ашылады. Ауқымды жоба екі кезеңнен тұрады. Соның алғашқысы осы айналма жол. Әуелі 25 шақырым асфальт жол салынады. Техникалық шарт бойынша 15 шақырымы 1-ші санатты, ал 10 шақырымы 2-ші санатты жол болады. Жалпы бұл Сыр өңірі үшін көптен күткен бастама. Себебі, Ақтөбе облысына қарай екі жолақты автожолды төрт жолаққа кеңейту мәселесі осылайша шешімін таппақ. Жоспарға сәйкес ауқымды құрылыс 2029 жылға дейін жалғасады.
Автор
Әділбек Серікұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17