Түркістан облысында бұқаралық спорт дамып келеді
Түркістан облысы Бәйдібек ауданында бұқаралық спорт қарқынды дамып келеді. Әсіресе елді мекендерде балалар үшін үйірмелер ашылып, жеткіншектердің түрлі спортпен шұғылдануына жағдай жасалды. Мәселен, Орынбай Тайманов атындағы елді мекен тұрғындары қараусыз тұрғын ғимаратты жөндеп, күрес залын ашқан. Бұрын Боролдай ауылына жеті шақырым жерге қатынап дайындалатын балалар енді екі мезгіл үйірмеге келіп, дзюдо мен қазақ күресін үйренеді. Араларында ел чемпионатына қатысып, жүлделі орындар алып жүрген жас чемпиондар да бар.
Нұрболат Темірхан, спортшы:
Зал ашылғалы бізге жақсы болып қалды. Бұрын жол жабық болып қалатын көрші ауылда. Қар болатын, жаурап қалатынбыз ауырып. Қазір азанда 30 бала келеді, түс қайта 30 бала келеді. Ағайларымыз өздері келіп үйретеді.
Қазір ауданында замануй үлгіде салынған 5 спорт кешені бар. Онда 2 мыңнан аса
бала спорттың еркін және қазақ күресі, дзюдо, волейбол, үстел теннисін ойнап, асық атуға машықтанады.
Бақытжан Төребеков, Боролдай
ауылдық округіндегі №3 спорт мектебінің директоры:
Осындай залдарымыз 5 елді мекенімізде бар. Ол залдарда сол ауылдың жастары шынығып, жаттығу жасауда. Себебі Әлем чемпионы да, Олимпиада чемпиондары да ауылдан шығып жатыр. Сол ауыл жастарын көтерсек, биік дәрежеге жеткізсек деген үмітіміз бар.
Автор
Айнұр Әбілқасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қиыршық тас шығарудың озық технологиясы
03.04.2026, 18:02
Қарағанды облысында 143 шақырым электр желісі қайта жаңартылады
03.04.2026, 17:57
Оралда жаңа көпір құрылысы басталады
03.04.2026, 17:54
Еуропада қайта өңделген ескі киімдерге сұраныс артты
03.04.2026, 17:49
Таяу Шығыстағы соғысқа байланысты Еуропа мен Африкаға көлік экспорты қиындады
03.04.2026, 17:47
Әлем нарығында мұнай айтарлықтай қымбаттады
03.04.2026, 17:45
Жол апатынан 616 адам жарақат алған
03.04.2026, 17:41
Медицина қызметкерлерінің атынан алаяқтық қоңыраулар жиіледі
03.04.2026, 17:40