Орта дәліз арқылы жүк тасымалы 5 есе артты
Еліміздің транзиттік әлеуетін дамыту – Мемлекет басшысының ұдайы назарында. Бұл бағытта Транскаспий халықаралық көлік бағыты, яғни орта дәліз ерекше маңызға ие. Аталған бағыт арқылы жүк тасымалының көлемі соңғы жеті жылда 5 есе артты. Транзиттік әлеуеттің артуына заманауи теміржол және автомобиль жолдарының салынуы да ықпал етіп отыр. Мәселен, елімізде соңғы жеті жыл ішінде шамамен 1 мың шақырым жаңа теміржол желісі салынып, 9,5 мың шақырым автожолға жөндеу жұмыстары жүргізілген.
- Біздің өңірде 9 вокзалға жөндеу жұмыстары жүргізілді. Әлі де жалғасуда. Сексеуіл, Арал, Жалағаштағы және Тереңөзек станцияларындағы вокзалды қайтадан жаңадан салу жұмыстары жүріп жатыр. Жолды жөндеу бағытындада көптеген жұмыстар атқарып жатырмыз. Биылға жол жөндеу жұмыстарын 70 км жоспарлап жатырмыз.
- Президент тапсырмасымен Жаңаөзен-Кендірлі-Түрікменстан шекарасына дейінгі автомобиль жолын күрделі жөндеу жұмысы және орташа жөндеу жұмысы жүргізіліп жатыр. Одан бөлек, Бейнеу-Сексеуіл автомобиль жолын салу, қазіргі таңда бұл жоба бойынша да министрлікпен тиісті жұмыстар жүргізілуде. Ол жұмыстарды да осы 2026-жылы бастайды деп жоспарланып отыр. Бір ғана Бейнеу-Сексеуіл жолы 500 шақырымның үстінде автомобиль жолын қысқартады.
- Қазір Қазақстанның транзиттік мүмкіндігі өсіп жатыр. Мысалы, орта дәліз арқылы жүк тасымалы соңғы жеті жылда бес есе артқан. Осындай жобалар теміржолдың қаншалықты маңызды екенін көрсетеді деп ойлаймын. Жолдар жаңарса, тауарлар тез жеткізіледі, өңірлердің байланысы күшейеді. Бұл біздің халқымызға, кәсіпкерлерге тиімді деп ойлаймын.
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Еңбекшіқазақ ауданында құны шамамен 21 млрд теңге болатын астық кешені салынуда
15.09.2026, 18:28
Енді еліміздің диқандары астықты Қытайға делдалсыз сата алады
15.09.2026, 17:37
Созақтағы аурухананы толық жөндеп жатыр
15.09.2026, 17:35
Павлодар облысының алыс ауылдарының жолдарын жөндей бастады
15.09.2026, 17:33
Ел жаңалықтарына шолу
15.09.2026, 17:32
Маңғыстаулық жастар Германияда тәжірибеден өтеді
15.09.2026, 17:30
Конгода екі мектеп өртеніп, оқушылар қаза тапты
15.09.2026, 17:29
Қытай өз азаматтарына елге кіріп-шығуды қатаңдатты
15.09.2026, 17:28