Халық билігі –демократияның басты қағидасының бірі
Елімізде егемендік пен тәуелсіздікті нығайтып, халық билігін жүзеге асыру бағытындағы жұмыстар жүйелі жалғасып келеді. Бұл орайда халық пікірін ескеріп, азаматтардың мемлекеттік басқару ісіне қатысуын арттыруда қоғамдық кеңестердің рөлі ерекше. Бұл кеңестер билік пен халық арасындағы диалог алаңына айналып отыр. Кеңес мүшелері өңірлердегі өзекті мәселелерді көтеріп, мемлекеттік бағдарламалардың орындалуына қоғамдық бақылау жүргізеді. Сондай-ақ түрлі әлеуметтік, экономикалық бастамаларды талқылап, ұсыныстар енгізеді. Осылайша қоғамдық кеңестер арқылы ел дамуына қатысты маңызды шешімдер қабылдар кезде халықтың да пікірі ескерілуіне мүмкіндік жасалып отыр.
Сайра Нүсіпбаева, Семей қалалық қоғамдық кеңесінің мүшесі:
Еліміздегі маңызды мәселелердің барлығы халықтың қатысуымен шешіліп жатыр. Өйткені соңғы АЭС салу туралы референдум, міне, жаңа Конституция жобасын қабылдау туралы. Белгілі бір мәселелер бойынша, мысалы үшін, бюлжетті талқылау, оны игеру болмаса, мемлекеттік маңызы бар жобаларды қарау кезінде азаматтық қоғамның ұсыныстарын, жергілікті жұртшылықтың пікірін қатты ескереміз.
Автор
Ержан Жақып
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Цифрлық активтер нарығын дамытудың 6 бағыты ұсынылды
15.09.2026, 20:09
Сарапшы: Кореямен ынтымақтастық цифрлық инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді
15.09.2026, 20:05
Қазақстан мен Корея президенттері келіссөз жүргізді
15.09.2026, 20:05
Зейнетақы жинағын игеру жолдары
15.09.2026, 20:04
Қазақстан мен Корея $19 млрд-қа келісім жасады
15.09.2026, 20:02
Тұрғын үйге мұқтаж азаматтарға 2-5% жеңілдетілген ипотека беріледі
15.09.2026, 20:01
Алматыда емхананы ауыстыру талаптары жеңілдетілді
15.09.2026, 19:53
Еңбекшіқазақ ауданында құны шамамен 21 млрд теңге болатын астық кешені салынуда
15.09.2026, 18:28