Таразда 2500 жұмысшыға жарна төленбеген
Таразда айлығын алғанымен зейнетақы жарнасына жете алмай жүргендер бар. Қаладағы мекемелердің 2500-ден аса жұмысшыға бірнеше ай бойы әлеуметтік төлемдер аудармағаны анықталды.
Олардың басым бөлігі қалалық Білім бөліміне қарасты балабақшалардың қызметкерлері екен. 1895 маманға 283 млн теңгені құрайтын міндетті зейнетақы жарнасы уақытында түспеген. Есеп шоттарына міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналары да жіберілмеген. Мұндай заңбұзушылыққа Тараздың тазалығына жауапты «Жасыл Ел-Тараз» мекемесі де жол берген. Серіктестік 650 жұмысшыға 20 млн теңгеден астам берешек екені белгілі болды. Мәселеге араласқан қала прокуроры тазалықшылардың төлемдері толық өтелді, деп отыр.
Саламат Әбітбекова, қалалық Прокуратураның бөлім прокуроры:
Прокурорлық қадағалау актілерінің негізінде жалпы сомасы 300 миллион теңге зейнетақы жарналары толықтай өтеліп, 34 мектепке дейінгі ұйымның бірінші басшылары әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Заңдылықты бұзушылық бір жыл ішінде қайталанса, айыппұл түріндегі жаза тағайындалады.
Автор
Данияр Әлімқұл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астана 2028 жылы УЕФА суперкубогін қабылдайды
15.09.2026, 20:28
Үстел теннисінен Президент кубогі басталды
15.09.2026, 20:27
Тау туризмі - Алматы экономикасының жаңа драйвері
15.09.2026, 20:18
Цифрлық активтер нарығын дамытудың 6 бағыты ұсынылды
15.09.2026, 20:09
Сарапшы: Кореямен ынтымақтастық цифрлық инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді
15.09.2026, 20:05
Қазақстан мен Корея президенттері келіссөз жүргізді
15.09.2026, 20:05
Зейнетақы жинағын игеру жолдары
15.09.2026, 20:04
Қазақстан мен Корея $19 млрд-қа келісім жасады
15.09.2026, 20:02