Иран Парсы шығанағындағы 6 кемені атқылады
Иранның жарылғыш зат қойылған қайықтары Парсы шығанағында алты су көлігіне соққы берді. Танкерлердің екеуі Ирактың теңіздегі аумағында отқа оранып, бір адам қаза тапты. 38-і құтқарылған. Сонымен қатар аймақта АҚШ-пен, Еуропамен байланысты тағы төрт кемеге снаряд тиген. Осындай оқиғалар салдарынан әлем мұнайының 20 пайызы өтетін Ормұз бұғазы іс жүзінде жабылып, Таяу шығыс елдерінде көмірсутегі өндірісі айтарлықтай қысқарды. Соңғы мәліметке қарағанда, «қара алтын» 10 пайызға қымбаттап, 102 долларға жақындап қалды. Халықаралық энергия агенттігі мәлімдегендей, жағдайды тұрақтандыру үшін 32 ел резервтен жүздеген миллион баррель мұнайды нарыққа шығаруға уағдаласты.
Фатих Бирол, Халықаралық энергия агенттігінің атқарушы директоры:
Кеше, иә, 400 миллион баррель мұнайды нарыққа жіберуге келістік. Мақсатымыз – мұнай нарқын тұрақтандыру. Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты сындарлы шақты бастан кешіп жатырмыз. Әсіресе Ормұз бұғазының жабылуынан мұнай мен газ нарығында үлкен проблемалар туындап отыр.
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ерлан Қарин: Мемлекеттік сыйлық – тұлғаға емес, туындыға берілетін сыйлық
01.11.2026, 21:24
Халық пікірі: Жолдауда мұғалімдер мәртебесіне ерекше назар аударылды
01.11.2026, 20:00
Мемлекет басшысы келесі жылы «Балқаш» АЭС-інің құрылысын бастауды тапсырды
01.11.2026, 20:00
Еуропа мен Азия арасындағы жүк тасымалы: Қазақстанның мүмкіндігі қандай?
01.11.2026, 20:00
Жолдау: Депутаттар өңірлерді аралап, тұрғындармен кездеседі
01.11.2026, 20:00
Ең төменгі жалақының өсуі 1,8 млн азаматтың табысына әсер етеді
01.11.2026, 20:00
Бюджеттен жалақы алатын 370 мыңнан астам қызметкердің жалақысы өсуі мүмкін
01.11.2026, 20:00
Түркі елдерінің басшылары Анкарада бас қосты: Саммитте қандай мәселелер талқыланды?
01.11.2026, 20:00