ЖИ жасау үшін 200-ден астам датасет қосылды
Қазақстандық IT мамандар үшін жасанды интеллект әзірлеуге арналған 200-ден астам датасет қолжетімді болды. Деректер жиынтығы Ashyq Data порталында жарияланған. Платформаны бүгін Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі IT қауымдастық өкілдерімен өткен кездесуде таныстырды. Мақсат – мемлекет тарапынан бизнес пен стартаптарға отандық жасанды интеллект өнімдерін әзірлеуде қолдау көрсету. Жүйеде жылжымайтын мүлік нарығының аналитикасынан бастап медициналық көрсеткіштерге дейінгі түрлі салаларды қамтитын деректер жинақталған. Вице-министр Дмитрий Мунның айтуынша, енді стартаптар мен компаниялар дайын деректер жиынтығын пайдаланып қана қоймай, өз жобасына қажет нақты ақпаратты министрліктен тікелей сұрата алады.
Әлия Оспанова, ЖИ және цифрлық даму министрлігі
Цифрлық үкіметті қолдау орталығының бас директоры:
IT компаниялар мемлекеттік органды зерттеу үшін біраз уақытын кетіреді. Ал біздің міндетіміз - мұны зерттеп, оларға көрсетіп беру. Осы мемлекеттік органға барғанда IT компанияның дайын мәліметі болады. Олар келіп, сізде мынадай процестеріңіз цифрландырылмаған. Біз өзіміздің ойымызбен, пікірімізбен келіп отырмыз. Осындай жұмыс жолы цифрландырумыздың қамтылуын тездетеді.
Автор
Темірлан Нұрсолтан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Болашақ ойындары-2026»: Қатысушылардың алды Елордаға келді
25.07.2026, 20:07
Мүмкіндігі шектеулі балаларға көрсетілетін көмектің аясы кеңейіп келеді
25.07.2026, 20:06
Жұқпалы аурулардың 21 түріне қарсы вакцина егіледі
25.07.2026, 20:05
Маңғыстаудың жартасты мешіттері ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілді
25.07.2026, 20:05
Халық пікірі: Ата Заң – әділетті қоғам негізі
25.07.2026, 20:05
Саяси дода қыза түсті
25.07.2026, 20:04
Қазақстан мен Ресейдің көлік-логистикалық ынтымақтастығы стратегиялық сипатқа ие
25.07.2026, 20:04
Қазақстан – Ресей өңіраралық форумы
25.07.2026, 20:03