Жаңа Конституция жобасы кемел келешектің кепілі
Елімізде жүргізіліп жатқан саяси және әлеуметтік реформалардың басты мақсаты – мемлекеттілікті нығайту. Сондай-ақ халықтың әл-ауқатын арттырып, әділетті қоғам қалыптастыруды көздейді. Түркістан облысы, Ордабасы ауданының тұрғындарымен кездескен Президент кеңесшісі Мәлік Отарбаев саяси реформалардың маңызына тоқталды. Ел ішіндегі бірлік пен тұрақтылықты, әрі мемлекет тағдыры – әр азаматтың жауапкершілігі екенін атап өтті. Ауданның зиялы қауым өкілдері мен қоғам белсенділері, жастар мен мәдениет саласының қызметкерлері қатысқан басқосуда ел дамуы мен қоғамдағы өзекті мәселелер жайы да айтылды. Жұрттың ұсыныс-пікірлері тыңдалып, қоғамдағы өзекті мәселелер талқыланды.
Мәлік Отарбаев, ҚР Президентінің кеңесшісі:
Бүгінгі Ата заң жобасы жоғары деңгейдегі заң құжат қана емес, ел тарихы мен тағдырынан туындаған, қоғам парасаты мен сенімінен шыққан жауапкершілік жүгі. Сондықтан Жаңа Конституция ұлттың жоғын жоқтап, ұмытылғанды күн тәртібіне қоятын болады.
Автор
Айнұр Әбілқасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Еңбекшіқазақ ауданында құны шамамен 21 млрд теңге болатын астық кешені салынуда
15.09.2026, 18:28
Енді еліміздің диқандары астықты Қытайға делдалсыз сата алады
15.09.2026, 17:37
Созақтағы аурухананы толық жөндеп жатыр
15.09.2026, 17:35
Павлодар облысының алыс ауылдарының жолдарын жөндей бастады
15.09.2026, 17:33
Ел жаңалықтарына шолу
15.09.2026, 17:32
Маңғыстаулық жастар Германияда тәжірибеден өтеді
15.09.2026, 17:30
Конгода екі мектеп өртеніп, оқушылар қаза тапты
15.09.2026, 17:29
Қытай өз азаматтарына елге кіріп-шығуды қатаңдатты
15.09.2026, 17:28