Алматы облысында коалиция мүшелері жастармен «Таза Қазақстан – таза болашақ» бастамасын талқылады
Алматы облысында қалалық және облыстық коалиция мүшелері жастармен кездесіп, «Таза Қазақстан - таза болашақ» тақырыбында еркін форматтағы жиын өткізді. Кездесу барысында қоршаған ортаны қорғау, тазалық мәдениетін қалыптастыру және экологиялық жауапкершілікті арттыру мәселелері талқыланды. Жиынға қатысқан сарапшылар жастарға мемлекет тарапынан жасалып жатқан мүмкіндіктер туралы айтып, өз тәжірибелерімен бөлісті. Соңғы үш жылда облыста «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында түрлі экологиялық шаралар ұйымдастырылған. Мамандардың айтуынша, бұл жастардың табиғатты қорғауға деген жауапкершілігін арттыруға бағытталған.
Мақсат Кенешев, облыстық жастар ресурстық орталығының директоры:
70 мыңға жуық жастың қатысуымен экологиялық акциялар, түрлі шаралар ұйымдастырылған болатын. Шаралардың аясында жастарға тәлім-тәрбие беру, оларды табиғатымызды қорғауға, облыс көлеміндегі құқықтық мәдениетті насихаттауға бағытталған түрлі жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ауыл тұрғыны көтерген мәселе Халық Кеңесінен кейін қайда бағытталады?
15.09.2026, 23:20
Астана 2028 жылы УЕФА суперкубогін қабылдайды
15.09.2026, 20:28
Үстел теннисінен Президент кубогі басталды
15.09.2026, 20:27
Тау туризмі - Алматы экономикасының жаңа драйвері
15.09.2026, 20:18
Цифрлық активтер нарығын дамытудың 6 бағыты ұсынылды
15.09.2026, 20:09
Сарапшы: Кореямен ынтымақтастық цифрлық инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді
15.09.2026, 20:05
Қазақстан мен Корея президенттері келіссөз жүргізді
15.09.2026, 20:05
Зейнетақы жинағын игеру жолдары
15.09.2026, 20:04