Паралимпиада-2026: Бүгін жарыс жолына кімдер шығады?
Паралимпиада ойындарындағы шаңғы жарысы аймақтарында қар еріп жатыр. Соңғы күндері әсіресе, шаңғыларды майлайтын мамандардың жұмысы көбейді. Ауа-райы болжамына сәйкес, Тезерода алдағы 3-күнде де ауа температурасы 6-градус жылы болады.
Алайда, бұндай жайттарға параспортшылардың еті үйренген. Бүгін парабиатлоншылар кезекті жүлделерді сарапқа салады. Із қуу жарысында қазақстандық квартет жарыс жолына шығады. Алдымен, Ербол Хамитов, Сергей УсОльцев, Юрий Березин үштігі отырып өнер көрсету сынында бақ сынаса, артынша Александр Герлицке жанкүйер боламыз.
Жарыс қашықтығы: 4,5 шақырым. Ал мына кадрдағы Джанлука Буеллони ату аймағында қызмет атқаратын ерікті. Нысаналардың уақытылы дайын болуына жауапты.
Джанлука Буеллони, ерікті:
Алдымен біз ату аймағына келген спортшының реттік нөмірін жүйеге енгіземіз. Артынша, біз оның оғы нысанаға дарыды ма соны көре аламыз. 5-нысаны көздеп болған соң пара биатлоншы бәсекені жалғастырады. Ал, біз бұл батырманы басу арқылы нысаналарды бастапқы қалпына келтіреміз.
Автор
Азат Қыдырбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық өнердің ұстаханасы жаңартылады
27.07.2026, 20:58
Тұрмыстық қалдықтарды өңдейтін зауыттың құрылысы басталды
27.07.2026, 20:56
Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды
27.07.2026, 20:06
«Болашақ ойындары – 2026»: Халықаралық командалар Астанаға жинала бастады
27.07.2026, 20:04
БҚО-да 116 заңсыз қоқыс үйіндісі анықталды
27.07.2026, 20:04
Тоқтар Әубәкіров – 80 жаста
27.07.2026, 20:03
«Таза Қазақстан» акциясы аясында табиғи аумақтар тазартылды
27.07.2026, 20:02
Маңғыстаудың жартас мешіттері Дүниежүзілік мұралар тізіміне қосылды
27.07.2026, 20:01