Ақтөбеде амал мерекесі тойланып жатыр
Еліміздің батысындағы ағайын Амал мерекесін тойлауды бастап кетті. Бүгін Ақтөбеде ұлттық дәстүрлерді ұлықтауды мақсат еткен «Қамажай» этнофестивалі өтіп жатыр. Салтанатты шараның бел ортасында біздің меншікті тілшіміз Жақсыбек Кемал да жүр, Жақсыбек, халықтың көңіл-күйі қалай, жыл басын қалай тойлап жатыр?
Жақсыбек Кемал, тілші:
Қайырлы күн, Айнұр! Амал мерекесіне аман жеткен халықтың көңіл-күйі керемет! Есет батыр шағын ауданындағы алаңға тұрғындар көп жиналды. Мұнда киіз үй тігіліп, қазан көтеріліп жатыр. Мерекелік шара барысында ұлттық киім киген қыз-келіншектер мен ақ жаулықты аналардың керуені де ұйымдастырылды. Олар орталық көшемен жүріп өтті.
Сәлеметсіз бе! Өзіңіз де қатыстыңыз ғой, Бұл керуенді ұйымдастырудағы мақсаттарыңыз не?
Бибігүл Сейітова, «Асыл әжелер» ансамблінің көркемдік жетекшісі:
Әрине, керуеннің мән-мағынасы өте зор.Көріп отырсыздар, 200-ге жуық ақ кимешек киген әжелеріміз шықса, орамал таққан қыз-келіншектер, 200-дің үстінде олар да. Кішкентай тұлымдары желбіреген қыздар да бар. Бүгін Алматы ауданында 600 жуық керуен болды, керемет болды, мейрамнан мейрамға жете берейік, наурыздан наурызға жете берейік, ағайын!
Амал мерекесі - жаңарудың, жаңа күннің,
жақсылықтың мерекесі! Сондықтан, жұртшылық бір-біріне жақсылық тілеуде. Шара
өнер ұжымдарының концерттік бағдарламасымен жалғасады.
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Еңбекшіқазақ ауданында құны шамамен 21 млрд теңге болатын астық кешені салынуда
15.09.2026, 18:28
Енді еліміздің диқандары астықты Қытайға делдалсыз сата алады
15.09.2026, 17:37
Созақтағы аурухананы толық жөндеп жатыр
15.09.2026, 17:35
Павлодар облысының алыс ауылдарының жолдарын жөндей бастады
15.09.2026, 17:33
Ел жаңалықтарына шолу
15.09.2026, 17:32
Маңғыстаулық жастар Германияда тәжірибеден өтеді
15.09.2026, 17:30
Конгода екі мектеп өртеніп, оқушылар қаза тапты
15.09.2026, 17:29
Қытай өз азаматтарына елге кіріп-шығуды қатаңдатты
15.09.2026, 17:28