Жаңаөзендегі ауызсу мәселесі шешілді
Маңғыстауда Кендірлі су тұшыту зауыты іске қосылған соң, Жаңаөзендегі ауызсу мәселесі толық шешілді.
Жоба былтыр күзде пайдалануға берілді. Зауытта тәулігіне 50 мың текше метрге дейін су тұщытылады. Ауызсу магистралды су құбыры арқылы Жаңаөзен қаласы мен оған жақын ауылдарға жеткізіліп отыр. Сонымен қатар осы зауыттың көмегімен «Астрахань – Маңғышлақ» магистралды су құбырына жүктеме азайған. Қазір кәсіпорында 91 адам тұрақты жұмыс істейді.
Өркен Бисақаев, жобаға жауапты компанияның өкілі:
Қазіргі таңда зауыт жұмыс істеп тұр. Су Жаңаөзен халқын қамтамасыз етеді, сапалы, таза сумен. Осы зауыттың инженерлік-техникалық қызметкерлерін бәрін оқудан өткіздік. Олардың бәрі осы зауыттың реттеу және қосу жұмыстарына қатысты және де Президентіміздің тапсырмасына сәйкес, біздер жаңадан компания құрдық Кендірлі су тұщыту зауыты деген. Оған сол қызметкерлердің бәрін сол жұмысқа алдық.
Сондай-ақ биыл күзде Шардара су құбыры іске қосылады. Соның арқасында қаланың 30 мың тұрғынына таза ауызсу беріледі. Түркістан облысындағы Көксарай су қоймасында да жаңғырту жұмыстары басталды. Ал Қызылорда, Жамбыл облыстарында су қоймалары салынып жатыр.
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Болашақ ойындары-2026»: Қатысушылардың алды Елордаға келді
25.07.2026, 20:07
Мүмкіндігі шектеулі балаларға көрсетілетін көмектің аясы кеңейіп келеді
25.07.2026, 20:06
Жұқпалы аурулардың 21 түріне қарсы вакцина егіледі
25.07.2026, 20:05
Маңғыстаудың жартасты мешіттері ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілді
25.07.2026, 20:05
Халық пікірі: Ата Заң – әділетті қоғам негізі
25.07.2026, 20:05
Саяси дода қыза түсті
25.07.2026, 20:04
Қазақстан мен Ресейдің көлік-логистикалық ынтымақтастығы стратегиялық сипатқа ие
25.07.2026, 20:04
Қазақстан – Ресей өңіраралық форумы
25.07.2026, 20:03